Кезекті ғылыми кеңес отырысы

2022 жылғы 13 желтоқсанда Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор С.С. Сапарбаев докторантура бойынша проблемалар, оларды шешу жолдары бойынша баяндады.

“Медицина” мамандығы бойынша 11 авторлық жұмыс проблемалардың болуына байланысты аяқталмаған: Scopus дерекқорына кіретін халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалардың болмауы, шетелдік консультанттың болмауы, қаржының жеткіліксіз бөлінуі т.б.

​Проректор С. С. Сапарбаевқа әрбір докторант бойынша қазіргі заманға сай пәндік – қайта бекіту мүмкіндігін қарастыру тапсырылды. Сондай-ақ, әрбір докторантқа жұмыстарының қажетті мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету үшін университет тарапынан қаржылық қолдау көрсету туралы айтылды.

​Әрі қарай, бөлім басшысы А.Т. Сисенова ПОҚ құзыреттілігін дамытудың жай-күйі мен келешегі туралы баяндады. Профессор-оқытушылар құрамы арасында педагогикалық, клиникалық және ғылыми құзыреттіліктердің деңгейін арттыру және дамыту бойынша жоспарлы жұмыс үшін 2023 жылдан бастап қаржылық сүйемелдеумен әрбір оқытушы бойынша жеке жоспар құру туралы шешім қабылданды.

​Кафедраларды жоспардан тыс тексеру кезінде ҚБ-ның алдыңғы қаулылары мен орындаушылық тәртіптің шешімдерін орындау мәселелері қаралды.

​Сондай-ақ, оңалту бойынша қосымша курсты ашу үшін сертификаттау курстары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу тапсырылды. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ғылыми жұмысты ұсыну мәселесі де қозғалды.

​Ғылыми кеңес отырысының соңында қатысушылар №2 “Балалар аурулары” кафедрасының доценті Долотова Людмила Викторовнаны мерейтойымен құттықтады.

 Университет ректоры А. А. Қалиев қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады.