«Қыз өссе-елдің көркі»

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында жастар ісі жөніндегі бөлім маманы Ақмарал Құдайбергенқызының және «Сыр мен сымбат» клубының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қыз өссе – елдің көркі» атты Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің жанынан құрылған «Шолпы» клубы мен онлайн кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – студент қыз балалардың бойындағы ибалылық пен инабаттылық қасиеттерді дамыту. Ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз бойынша бала тәрбиесі зор үлкен маңызға ие.

Соның ішінде қыз баланың тәрбиесіне болашақ ана ретінде ерекше мән берген. Осы орайда кездесуге «Шолпы» клубының жетекшісі Сарыбай Алмагүл Сүндетқызы, музей жанындағы «Руханият» клубының жетекшісі Абдуллина Жібек және «Геолог» мәдениет үйінің маманы Бибігүл Ақжігітова шақырылып, қыз баланың бойынан табылуы қажет әсем қасиеттер мен атақты аналарымыздың ізгі жолынан мысалдар келтіріліп, өнегелі өмір жолдарынан тағылымы мол мағлұмат берді.

Сонымен қатар, жастар бөлімінің «Рухани жаңғыру» бағыты бойынша маманы Ақжүніс Жәленова бағдарлама аясындағы «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасымен таныстырып, қонақтарға ақыл-кеңестері үшін алғыс білдірді.