Ғалым-педагогқа құрмет көрсетілдіҒалым-педагогқа құрмет көрсетілді
Бүгін, 25 желтоқсанда, университеттің бас ғимаратының қабырғасында ҚР ҰҒА академигі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, Халықаралық хирургиялық қоғамдастықтың мүшесі Намаз Ізімбергенұлы Ізімбергеновтың 85 жылдығына арналған (25.12.1937 ж.-5.12.2019 ж.) мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтті.
Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына академиктің әріптестері, оқушылары, туыстары мен жақындары қатысты.
Сондай-ақ, профессор Б. Жақиев, профессор Б. Геналаев, академик М. Ізімбергеновтың ұлы естеліктер айтып, құттықтау сөз сөйледі. Мемориалды тақтаны ашу мәртебесі профессор Б.Х. Дженалаев пен М. Н. Ізімбергеновке берілді.
Н. И. Ізімбергенов – Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының түлегі.
Оның өмірбаяны Ақтөбе облысы мен Батыс Қазақстанның хирургиялық қызметінің қалыптасу және даму тарихымен тығыз байланысты. Ширек ғасырға жуық БҚМУ госпитальдық хирургия кафедрасын басқарған академик хирургтар мектебін, жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге шұғыл хирургиялық көмек көрсету жөніндегі облыстық орталығын құрған.
Намаз Ізімбергенов өзінің оқытушылық және практикалық қызметі жылдарында 6 ғылым докторы мен 38 медицина ғылымдарының кандидатын дайындады, 600-ден астам ғылыми жұмыстардың, оның ішінде 13 монографияның, хирургияның өзекті мәселелері бойынша 28 әдістемелік ұсынымның, 22 патенттің авторы. Бірнеше рет көптеген мемлекеттік наградаларға ие болды,соның ішінде Ахмет Байтұрсынов атындағы медальмен, халықаралық өмірбаяндық орталық дипломымен (Англия) “21 ғасырдың 2000 көрнекті зиялыларының” бірі болып танылды, “Алтын скалпел” номинациясы бойынша дипломмен марапатталған және т. б.
Оның шәкірттері Қазақстанның көптеген аймақтарында және одан тыс жерлерде лайықты еңбек етуді жалғастыруда.
Салтанатты рәсімнің соңында еске алу кеші өтті.