Ынтымақтастық меморандумы
“Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері” аясында Ақтөбе облысына өзара ынтымақтастық және заманауи технологияларды енгізу бойынша Аққағаз Досжанова атындағы Конгресс-холлда облыс әкімі Е. Л. Тоғжановтың, университет ректоры Ә.Ә. Қалиев пен медицина ұжымының елордалық делегацияның басшысы А. В. Цоймен кездесуі өтті.
Аққағаз Досжанова атындағы Конгресс-холлда студенттер 23 студенттік ғылыми қоғамдастықтағы жетістіктері мен әдістемелерін көрсетті.
Одан соң, университет ректоры Ә. Қалиев білім беру бағдарламаларын енгізу және жетілдіру, нысандарды дамыту және жаңғырту бойынша жоспарларымен бөлісті.
Жоспар бойынша 21 бағдарлама, оның ішінде резидентурада -16, магистратурада -5 енгізу жоспарлануда. Университет базаларын дамыту мен жаңғыртуға қатысты Әсет Қалиев 5 нысанға егжей-тегжейлі тоқталды, оның ішінде 3-і бойынша жақын арада мемлекеттік сараптама қорытындысы алынатын болады, 2 – і бойынша – жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде (МО реконструкциясы және стоматологиялық клиниканы реконструкциялау).
Конгресс-Холл залында медициналық жұртшылықпен, студенттермен кездесу өтті. “Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық Орталығының бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінде» бейнеролигі де көрсетілді.
Облыс әкімі Е. Л. Тоғжанов пен ҚР ПІБ басшысы А. В. Цой құттықтау сөз сөйледі.
Сондай-ақ, облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен Алексей Цойдың ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою салтанаты өтті.
Медицина жұртшылығына, университет қызметкерлеріне презентациялар ұсынылды:
– “ҚР ПІБ МО ауруханасының қызметі туралы” – Р. К. Албаев, МОА директоры;
– “Орталық клиникалық аурухананың қызметі туралы”, З. А. Бралов, ОКА Президенті;
– “Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы жүйесінің Біріккен санаторийлері”, Стерлигов Я.В., Оқ-Жетпес “ЛОК”АҚ президенті;
– “Медициналық технологиялар орталығы АҚ – кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру”, Қ. А. Тілеубеков, ЦМТИС Президенті.
Жалпы, кездесу іскерлік, танымдық түрде өтті.