KPI жүйесі іске асырылуда

KPI жоспарын орындау нәтижелері бойынша біздің кафедра университетте жетекші орынға ие. Университет басшылығы интерактивті тақтаны ұсынып, кафедрамызды жігерлендірді.

Интерактивті тақтаның артықшылықтары: виртуалды тақтаға сурет салу, Интернет желісінен  тікелей ақпарат пен нысандарды қосу, презентациялар жасау, практикалық дағдыларды көрсету және видеофильмдер көрсету, студенттерге дұрыс жауапты таңдау. Бұл мүмкіндік ақпараттарды көрнекілендіреді, сабақта шығармашылық атмосфера қалыптастырады, топтық талқылауды ынталандырады, студенттер тарапынан қызығушылық танытады.

Интерактивті тақтаны пайдалану сызбалар, диаграммалар, лекция материалының проекциялары арқылы тақырыпты түсіндіруде  оқытушының жұмысын жеңілдетеді өздерінің әдістемелік базасын құруға жәрдем етеді. Қалыпты физиология кафедрасының ұжымы университет басшылығына осындай сыйлық үшін алғысын білдіреді.