Кафедралардың қызметін рейтингтік бағалау

Кафедралардың көп қырлы қызметі олардың жұмысын көрсететін және университет әкімшілігіне олардың нәтижелілігін мақсатты түрде талдауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесімен бағаланады.

Тиімділіктің негізгі көрсеткіштері (KPI) – нақты қол жеткізілген нәтижелер мен мақсаттардың көрсеткіші, яғни бұл тиімділік пен өнімділіктің белгісі.

Анықтама: KPI (key performance Indicator) аббревиатурасының толық жазылуы “қызметтің негізгі көрсеткішін” білдіреді.

Университетте жыл сайын KPI негізінде кафедралар қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бекітілген жүйесі бойынша кафедралардың қызметін бағалау жүргізіледі. Қызметтің негізгі көрсеткіші қызметкерлердің мотивация деңгейін арттыруға, “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” КЕАҚ стратегиясын орындау жөніндегі мақсаттардың, жұмыс нәтижелерінің қол жетімділігін көрнекі, объективті және адал көрсетуге ықпал етеді.

Кафедралардың 2022 жылға арналған әзірлеген картасы ПОҚ қызметінің барлық салаларын қамтыды: білім беру, ғылыми, клиникалық және қоғамдық сала.

Есепті кезеңде кафедралардың жоспарланған негізгі индикаторларын орындау бойынша жүргізілген талдау университеттің стратегиялық жоспары бағыттарының дамуының оң динамикасын көрсетеді, атап айтқанда: Web of Science, Scopus деректер базасында индекстелетін мақалалар жарияланымдарының тұрақты өсуі, академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру, университеттің студенттік ғылымын дамыту және қолдау.

2022 жылы KPI орындаудың ең жоғары қорытынды нәтижелілігіне университет кафедралары қол жеткізді:

– №1 ішкі аурулар кафедрасы(М.ғ. к., асс.профессор Е. Ш. Базарғалиев);

– тілдер кафедрасы (п. ғ. к., доцент Мустояпова А. С.);

– неонатологиясы бар №1 балалар аурулары кафедрасы (М. ғ. д., профессор А. К. Жұмалина).

Жеңімпаз кафедралардың барлық қызметкерлерін құттықтаймыз!

Барлық кафедраларға алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуде табыс тілейміз.