Профессор И.Н. Фатеевтің шеберлік сыныптары

Ақтөбеге Орынбор мемлекеттік медицина университетінің профессоры, м.ғ.д. Иван Николаевич Фатеев жұмыс сапарымен келді. Бір апта ішінде, яғни, 13-17 ақпан аралығында ол ақтөбелік әріптестеріне операциялық хирургия және клиникалық анатомия бойынша терориялық және тәжірибелік тәсілдерін таныстырады. 13-14 ақпан аралығында професор Фатеев М.Оспанов атындағы БҚМУ шетелдік студенттеріне ағылшын тілінде дәріс оып, резидент-хирургтар үшін шеберлік сабағын ұйымдастырды.

Сонымен қатар, ол университет оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курсында (60 сағат) стоматология ісіндегі бас пен мойынның клиникалық анатомиясын оқытудың заманауи әдістері бойынша шеберлік сыныбын ұйымдастырды.

15 ақпан күні балалар хирургиясы кафедрасының 8 резиденті Орынбор профессорынан гастростомия техникасын қабылдайды. Шеберлік-сыныбы шеңберіндегі сынақ операция қояндарға жасалады.

Оқу аяқталғаннан кейін профессор И.Н. Фатеевтің шеберлік сыныбының барлық қатысушылары біліктілікті арттыру курстарын аяқтағаны туралы куәлік алады.

Айта кетейік, Иван Николаевич Фатеев – БҚМУ түлегі. Ол 1991 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын сәтті аяқтап, еңбек жолын осындағы топографиялық анатомия және жедел хирургия кафедрасында бастады. Кейіннен Орынбор мемлекеттік медицина академиясына жұмысқа ауысты да, осы оқу орнының қабырғасында кандидаттық және докторлық диссертациясын қорғады. 2008 жылдан бастап жедел хирургия және клиникалық анатомия кафедрасының профессоры. И. Н. Фатеев 150-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің өнертабыстық 3 патенттің авторы болып табылады.