«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ-а ғылыми сапар

2023 жылдың 14 ақпаны мен 17 ақпаны аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын (2021-2023 жж.) ЖТН AP09058126 «Батыс Қазақстан ЖОО-да студенттердің кәсіби дайындық жағдайындағы әлеуметтік жауапкершілігі» ғылыми жобасының зерттеу тобының мүшесі және психология кафедрасының аға оқытушысы Жұмалиева Гүлмира Сайынқызы Атырау қаласы, «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ «Психология және арнайы білім беру» кафедрасында ғылыми сапармен болды.

Ғылыми сапардың мақсаты – заманауи университетте кәсіптік оқыту аясында студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін семинар-тренинг және шеберлік-класс өткізу болды. Сонымен, 2023 жылдың 15 ақпанында университеттің барлық мамандықтар бойынша профессорлық-оқытушылық құрамы үшін «Жоғары білім беру жүйесіндегі студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудың әдістемелік негіздері» атты оқыту семинары өтті.

2023 жылдың 16 ақпанында «Университет жағдайында студенттің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды психологиялық-педагогикалық қолдау» тренинг шеберлік-классы өтті. Осы іс-шараларға қатысушылар таңдалған зерттеу мәселелерінің өзектілігін, семинарлардың уақытылығын және тренердің жоғары кәсібилігін атап өтті.

«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ студенттері, оқытушылар құрамы мен психология және арнайы білім беру кафедрасының меңгерушісі – Қ.О. Қазиевке ғылыми және академиялық ынтымақтастыққа ізгі ниеті мен ашықтығы үшін, бірлесіп ұйымдастырылған барлық іс-шараларға белсенді шығармашылық танытып қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз!