Университтің бейінді мамандары көмек көрсетеді

Денсаулық сақтау саласындағы үйлестіру және әдістемелік нұсқаулық көрсету мақсатында университеттің бір топ бейінді мамандары Атырау облысына іс сапарға аттанды. Іс сапардың негізі: ҚР Денсаулық сақтау минстрлігінің 13.02.2023ж. №91 бұйрығы.

Аталмыш топтың құрамында:

А.Қ.Жумалина-Неонтологиямен №1 балалар аурулары кафедрасының жетекшісі;

М.Б.Жарылкасынова- Неонтологиямен №1 балалар аурулары кафедрасының доценті;

Д.Н.Аяганов-Психиатрия және наркология курсымен неврология кафедрасының жетекшісі;

Ж.Ж.Дарибай-№2 акушерия және гинеколгия кафедрасының доценті м.а;

С.П.Досмагамбетов-Балалар хирургиясы каферасының профессоры;

Е.К.Жумагалиев –анестезиология және реанимация кафедрасының ассистенті;

М.С.Курмангазин-инфекциялық аурулар және балалар инфекциясы инфекциясы кафедрасының жетекшісі;

Ж.С.Умарова-инфекциялық аурулар және балалар инфекциясы инфекциясы кафедрасының ассистенті;

Бейінді топтың негізгі мақсаты: Қазақстанда соңғы айларда бас көтерген “қызылша”, “гепатит” ауруларынан қорғану, алдын-алу мақсатында Атырау өңіріндегі дәрігерлерге арнап – ол семинар өткізіп, әдістемелік көмек көсету. Жергілікті мамандармен хирург, инфекцялық, неврологиялық, педиатриялық, акушерлік-гинекологиялық және реанимациялық бағытта , тәжірибе алмасып, тұрғындар арасында бейінді мамандардың қабылдауын өткізу. Кездесу жиынынан соң денсаулық сақтау саласындағы үйлестіру және әдістемелік нұсқаулық көрсету мақсатында арнайы келген бейінді мамандар жедел іске кірісіп те кетті.

Ақпан айының 20-24 аралығында өтетін осы іс-сапар барысында құрамында хирург, инфекционист, невропатолог, педиатр-неонотолог, акушер-гинеколог, реаниматолог мамандары біріктірілген бейінді топ Атырау қаласында, Мақат және Жылой аудандарын аралап, кәсіби медициналық қызмет көрсетеді.