Бейінді мамандары Жылой ауданында жоғары кәсіби медициналық қызмет көрсетті

Жылой аудандық ауруханасында неонатология мен №1 балалар аурулары кафедрасының жетекшісі К.А. Жұмалина және осы кафедраның доценті Б.М. Жарылкасинова, балалар хирургиясы кафедрасының профессоры П.С. Досмагамбетов 0-15 жас аралығындағы балаларды қабылдап, олардың ем-домына толықтырулар мен өзгерутлер енгізу жайында кеңес берді, тағайындаулар ұсынды.

Анестезиология және реанимация кафедрасының ассистенті К.Е. Жұмағалиев, инфекциялық аурулар және балалар инфекциясы кафедрасының жетекшісі М.С. Курмангазин, инфекциялық аурулар және балалар инфекциясы кафедрасының ассистенті С.Ж. Умарова аудандық ауруханадағы қуық безі, бүйрек жетіспеушілігі сырқатына ұшыраған науқастарды қабылдап, түрлі зертханалық тексерулердің қорытындысымен танысып, олардың ем-домы жайында тиесілі нұсқаулықтар ұсынды. (Тексеруден кейін науқастармен әңгімелесу, тексеру нәтижелерін зерттеу, жүргізу жоспарын түзету. Науқастар: сепсис, тыныс алу және бүйрек жеткіліксіздігі; ОНМК, дисфагия, дизартрия, гемипарез.

Жұқпалы аурулар бөлімшесіндегі науқасы ауыр балалар мен жансақтау бөлімшесіндегі жағдайы нашар науқастар жөнінде кеңес берді. Бейінді топ құрамындағы неонатолог маман перзентхана бөлімшесіндегі әріптестерінің сұрақтарына консультативтік кеңес айтып, медициналық жазбалармен танысты.

Денсаулық сақтау саласындағы үйлестіру және әдістемелік-нұсқаулық көмек көрсету мақсатында, құрамында университеттің хирург, инфекционист, невропатолог, педиатр-неонатолог, акушер-гинеколог, реаниматолог бар, бейінді топтың жұмысы 24.02.2023ж. Атырау облысының Мақат ауданында жалғасады.