Профориентация жұмысы

03.03.2023ж күні Марат Оспанов атындағы БҚМУ-не «Ақтау –Достық» оқу орталығынан 11-сынып оқушылары келді. Түлектер университет жағдайымен танысты. Олар құжаттарын қабылдайтын қабылдау комиссиясында болып, өздерін толғандырған сұрақтарға жеткілікті жауаптар алды, тәжірибелік дағдылар орталығы мен екі анатомиялық мұражайды аралады.

Дәрістік залдарды қарап, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Олардың негізгі қойған сұрақтары университетке түсу, психометриялық тестілеу, гранттар саны, жатақхананың бар-жоғы және академиялық ұтқырлық мәселелері, оқу ақысының көлемі туралы болды.

Дәрістік залдарды қарап, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Болашақ түлектер Университет әкімшілігіне, қабылдау комиссиясына зор ықыластарын білдірді.