«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ қабылдау комиссиясының бөлімі жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ қабылдау комиссиясының бөлімі жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ қабылдау комиссиясының бөлімінің жетекшісі

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Қабылдау комиссиясының бөлімінің жетекшісі лауазымына жоғары білімі бар, магистрден төмен емес академиялық дәрежесі бар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

Функционалдық міндеттері:

Қабылдау комиссиясының бөлімінің жетекшісі:

  1. Қабылдау комиссиясының бөлімі туралы Ережеге сәйкес бөлімнің жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды.
  2. Педагогикалық құзыреттерді қалыптастыру, педагогикалық және білім беру технологиялары, коммуникативтік дағдылар, университеттің профессор-оқытушылар құрамының қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқыту іс-шараларын (семинарлар, тренингтер, мастер-кластар, дөңгелек үстелдер, курстар және т.б.) ұйымдастырады және өткізеді.
  3. Профессор-оқытушылар құрамның педагогикалық құзыреттерінің мониторингін ұйымдастырады;
  4. Бөлім қызметі бойынша ақпарат береді.
  5. Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесі саласындағы әлемдік тәжірибені зерделейді және талдайды, оларды енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  6. ESG стандарттарының талаптарына сәйкес сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйелерін іске асырады;
  7. ПОҚ инновациялық-педагогикалық технологияларды енгізу және пайдалану бойынша жұмыс мониторингін жүзеге асырады;
  8. Білім беру модульдерін жүргізу үшін мамандарды тартады;
  9. Оның қызметіне байланысты міндеттерді шешу үшін уақытша шығармашылық ұжымдарды қалыптастыруды ұйымдастырады;
  10. Бөлім қызметімен байланысты жұмыстарды орындау үшін жеке және заңды тұлғалармен келісім шарт жасайды;
  11. Басқа да…

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:

  1. Басқарма төрағасы –ректордың атына жазылған өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  4. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  5. Маман сертификаты/ клиникалық қызметке кафедраның бейіні бойынша дәрігерлік санат сертификатының болуы (клиникалық кафедралар үшін);
  6. ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда). Университет жұмыскерлері үшін ғылыми еңбектердің тізімін ғылыми хатшы растайды;
  7. № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.
  8. Нысан бойынша психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Нысан бойынша наркологиялық ұйымнан анықтама;
  10. Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама;
  11. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне және т.б. қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.
  12. Университетте жұмыс жасайтын жұмыскерлер бөлім жетекшісінің мінездемесін қоса береді.
  13. Түйіндеме

 

Жарияланған күні: 7 наурыз 2023 жыл.

Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25. e-mail:hr@zkmu.edu.kz