Орал қаласында кәсіби бағдар жұмысы

2023 жылдың 13-17 наурыз күндері кәсіби бағдар жұмысына сәйкес, БҚМУ оқытушылары Карасова Ж.Б. және Абилова Ж.М. Батыс Қазақстан Облысы, Орал қаласында мектеп бітіруші түлектерге және медициналық колледж бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. 50% мектеп-лицейіне барып, 10-11класс оқушыларының қатысуымен кездесу ұйымдастырды.

Видеоролик көрсетіліп, буклеттер таратылды. Университетке қабылдау ережелері туралы ақпараттармен толық түсіндіріліп, оқушылардан қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Кездесу соңында медицина таңдаған оқушылармен жеке сұхбаттасу болды.