Манғыстау облысына кәсіби бағдар жұмысы

Кәсіби-бағдар жұмысы бойынша 13-17 наурыз 2023 жылы аралығында жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының мұғалімі Тұрғынбаева А.Ө және қалыпты анатомия кафедрасының аға оқытушысы Сарсенова М.С Ақтау қаласындағы жалпы білім беретін және орта арнаулы мекемелерде, сонымен қатар «Достық» білім беру орталығында кәсіби-бағдар жұмысын жүргізді.

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының облыстық және қалалық білім басқармасының басшыларымен кездесу өтті. Кәсіби бағдар жұмысы барысыда 19 қалалық және 3 ауылдық мектептер, 2 медициналық колледж («Мейірбике» және Ақтау қаласының медициналық колледж мекемесі), сонымен қатар «Достық» білім беру орталығында универистетіміздің даму тарихы, факультеттері және жетістіктері туралы презентациялар, бейнежазбалар көрсетілді. Кездесу барысында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, университетке түсуге қызығушылық байқалды.