Атырау қаласындағы кәсіби бағдар жұмысы

Жалпы гигиена кафедрасының оқытушысы Ракишева Венера Арыстанғалиқызы және №2 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті Аралбаева Лиза Советовна «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ 2023 жылғы 9 наурыздағы №13/2-22/1-63-К бұйрығына сәйкес, 2023 жылғы 13-17 наурыз аралығында Атырау қаласында мектептер, лицей, гимназиялар мен колледж түлектері арасында кәсіптік-бағдарлау жұмысын жүргізді.

Атырау қаласының қалалық және облыстық білім бөлімінің рұқсатымен 47 оқу орнына барды. Бейнеролик көрсетілді, университеттің тұсаукесерін жасады, буклеттер, «Медик» газетінің соңғы шығарылымы таратылды және оқушыларды қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Жатақханаға, ҰБТ-ға өту баллына, мемлекеттік грантқа конкурсқа, оқыту бағдарламаларына, құнына, стипендиясына және т.б. қатысты сұрақтар қойылды.