Әлеуметтік жауапкершілік мәселесіне ғылыми көзқарас!

29.03.2023 ж., (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы) ЖТН №АР09058126 «Батыс Қазақстан университеттерінде кәсіптік оқыту жағдайындағы студенттердің әлеуметтік жауапкершілігі» ғылыми жобасы аясында психология кафедрасында «Заманауи университетте ғылыми зерттеу жүргізу тәжірибесі» атты әдістемелік семинар өтті.

Осы семинардың шақырылған қонағы психология кафедрасында профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығын жүзеге асыратын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің психология және арнайы білім беру кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Қазиев Қарас Оржанұлы болды.

Сонымен, Батыс Қазақстан университеттерінде кәсіби дайындық жағдайында студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін зерттеу барысында зерттеу тобы Марат Оспанов атындағы БҚМУ-мен Батыс Қазақстан университеттері арасында ынтымақтастық туралы 3 (үш) меморандум жасалды: «Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КеАҚ, Ақтау қ.; «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті»: КеАҚ, Орал қаласы; «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ, Атырау қ.

Семинардың мақсаты – заманауи университетте ғылыми зерттеулерді жүргізу тәжірибесімен танысу болды: әлеуметтік жауапкершілікті зерттеудің әртүрлі әдістемелік аспектілерін талқылау мысалында. Қ.О. Қазиев, сонымен қатар, «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ кафедраларының халықаралық деңгейдегі ғылыми зерттеулерге қатысуының бай тәжірибесімен бөлісті.

Марат Оспанов атындағы БҚМУ Ғылыми жұмыс бөлімінің меңгерушісі А.М. Баспақова университетіміздің ғылыми жобасын жүзеге асыруда көрсеткен көмегі мен ат салысқаны үшін «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі Қазиев Қарас Оржанұлына үлкен алғыс айту мақсатында «Алғыс хат» пен семинарға қатысқаны үшін сертификаттар табыстады.