«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Мейірбике ісін жетілдіру орталығы жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Мейірбике ісін жетілдіру орталығы жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Мейірбике ісін жетілдіру орталығының жетекшісі

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Орталық жетекшісі лауазымына жоғары медициналық білімі, ғылыми дәрежесі немесе академиялық дәрежесі немесе ғылыми атағы бар, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында мамандығы бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар тұлға тағайындалады. Ағылшын тілін білуі құпталады.

Функционалдық міндеттері:

Орталық жетекшісі:

  1. Орталық қызметін ұйымдастырады, жоспарлайды және үйлестіреді.
  2. Орталықтың штат кестесін тұжырымдап, басшылыққа бекітуге ұсынады.
  3. Білім алушыларға білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
  4. Орталықтың қызметкерлерін ынталандыру және материалдық-техникалық базасын дамыту қорын қалыптастыру үшін ақылы қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз етеді.
  5. Мейірбике ісін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған білім беру жобаларын әзірлеуге, іске асыруға және қолдауға қатысады.
  6. Оқулықтарды, оқу құралдарды, әдістемелік нұсқауларды құруға ықпал етеді.
  7. Практикалық денсаулық сақтауға енгізу үшін мейірбикелердің жұмысын оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.
  8. Мейірбикелерге арналған тренингтер, семинарлар, конференциялар, шебер кластар ұйымдастырады.
  9. Оқу аудио-, бейне-, электронды және баспа басылымдарының шығарылуын қоса алғанда, ақпараттық және әдістемедік материалдарды даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
  10. Мейірбикелердің даярлығы мен қайта даярлығын жүзеге асыратын жетекші отандық және шетелдік ұйымдардың озық тәжірибесімен алмасуды ұйымдастырады.
  11. Басқа да…

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  • қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  • Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;
  • университетте жұмыс жасайтын тұлғалар жоғары тұрған басшылықтың сипаттамасын қоса береді;
  • Түйіндеме;
  • Файл парақтары бар папка – 20.

 

Жарияланған күні: 06 сәуір 2023 жыл

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» КеАҚ. Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі 68. Бас ғимарат, 105-кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25. e-mail: hr@zkmu.edu.kz