«Визитинг Профессор» бағдарламасы аясындағы мастер-класс

Визитинг профессор сапары бағдарламасы аясында 11.04.2023 жылы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасында «Микробиота пищеварительного тракта: новые подходы к диагностике и лечению» атты мастер-класс өткізілді.

Мастер-класты Тверь мемлекеттік медицина университетінің микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының жетекшісі, м.ғ.д., профессор Червинец Юлия Вячеславовна өткізді.

Мастер-класқа Марат Оспанов атындағы БҚМУ-ң МО, “Микролабсервис” зертханасы мен қан құю орталығының дәрігерлері, фармацевтикалық пәндер, психология, гигиеналық пәндер, эпидемиология кафедраларының ПОҚ-ы және “Микробиолог” СҒҮ студенттері қатысты.

Мастер-класстың негізгі мақсаты: аудиторияны қалыпты және патологияда адамның қалыпты микробиотасы шығаратын сигналдық газ молекулаларымен таныстыру. Мастер-класс соңында белсенді пікірталас болды.