Университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстары: бағыт пен бағдар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жан-жақты қолдауының арқасында 2025 жылға қарай ғылымды қаржыландыру көлемін жалпы ішкі өнімнің 1% дейін ұлғайту жоспарланған. Бұл – отандық ғылымның дамуына үлкен серпін берері сөзсіз.

Қазіргі таңда Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде 27 ғылым докторы, 179 ғылым кандидаты, 28 философия докторы PhD және 179 магистр жұмыс жасайды.

Университетте ғылыми-зерттеу жұмыстары мемлекеттік тіркеуден өткен тақырыптар төңірегінде және негізгі 3 үш бағытта жүргізіледі:

1.клиникалық медицина бойынша зерттеулер;

2.теориялық және эксперименттік медицина бойынша зерттеулер;

3.қоғамдық ғылымдардың психологиялық-педагогикалық және кешенді мәселелері бойынша зерттеулер.

Ғалымдарымыздың жобалары жетістіктерге жету үшін оларға қолайлы жағдай жасау – аса маңызды. Университеттің ғылыми әлеуетін сақтау және арттыру бойынша алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді одан әрі дамытуды және іске асыруды қамтамасыз ету үшін келесі бағытталған іс-шаралар кешені айқындалды:

– Университеттің материалдық-техникалық базасын, ғылыми-зерттеу қызметінің инфрақұрылымын нығайту және дамыту, ғылыми зертханалар үшін жаңа ғимарат салу, жаңа жабдықтар сатып алу;

– Ғылыми зерттеулердегі серпіліс үшін ресурстарды медицинаның басым бағыттарына шоғырландыру; зерттеу және білім беру процестерін интеграциялау, пәнаралық және салааралық коллаборацияны ынталандыру.

 – “Идея-зертхана-өндіріс-клиника” бірыңғай инновациялық тізбегін құруға бағытталған трансляциялық медицина құрылымдарын дамытуға ерекше назар аудару.

 – Жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартудың түрлі нысандарын әзірлеу және бизнес-инкубаторлардағы жұмыс нысандарын әртараптандыру.