Алғаш рет Ғылым күні мерекеленді

12 сәуір Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күніне орай университетте мерекелік жиын ұйымдастырылды. Алғаш рет салтанатты да ресми түрде өткен жиынды басқарма төрағасы-ректор, м.ғ.д., профессор Ә.Ә. Қалиев өзінің құттықтау сөзімен ашты.

Одан кейін сөз кезегін алған ғылыми жұмыстар жөніндегі департаменттің жетекшісі, м.ғ.к. А.М. Баспакова «Университеттегі ғылыми жұмыс: нақты және келешекте» атты баяндама жасап, онда медицина ғылымын дамытудың білім беру, клиналық зерттеулер және ғылыми ізденіс бағыттарын өз ара ұштастыра отырып дамытудың стратегиялық бағыттарымен таныстырды.

 Салтанатты жиында ҚР ДСМ-нің есебінен бөлінген мақсатты-бағдарламалық қаржы негізінде университеттің ғылымитехникалық жобаларын табысты жүзеге асырып отырған А.А. Мамырбаевқа «Алғыс хат» және «Манкент» санаторийіне тегін жолдама тарту етілді.

ҚР Білім министрлігінің есебінен бөлінген мақсатты-бағдарламалық қаржы негізінде университеттің ғылымитехникалық жобаларын табысты жүзеге асырып, М.М. Книсарина Алғыс хатпен марапатталды.

 Рейтингі жоғары Q1квартиль көрсеткішін иеленген өздерінің шетелдік авторлық ғылыми еңбектерін жариялаған:

  1. Жолдин Б.К. (журнал NATURE Q1)
  2. Кудабаева Х.И. (журнал DIABETES AND METABOLIC SYNDROME: CLINICAL RESEARCH AND REVIEWS Q1)
  3. Бирючков М.Ю. (журнал GLOBAL SPINE JOURNAL Q1)
  4. Кононец В. (журнал INTERNATIONAL JOURNAL OF ENVIRONMENTAL RESEARCH AND PUBLIC HEALTH Q1) – ғалым-авторларға да Алғыс хат табыс етілді. Олардың арасынан Х.И. Кудабаеваға да «Манкент» санаториіне тегін жолдама берілді.

 2022 жылдың қорытындысы бойынша, ғылыми-ізденіс жұмыстары үшін патентке ие болған Қ.Р. Тайшибаев пен М.С. Рысмаханов Алғыс хатпен марапатталды.

 Бұдан басқа, ғылыми-техникалық жобаларын коммерцияландыруды табысты іске асырғаны үшін Жайлыбаев М.С., Көмекбай Ж.Е. және Ермуханова Л.С. Алғыс хатқа ие болды.

 Сөз кезегін алған марапат иелері А.А. Мамырбаев пен Жолдин Б.К. университет әкімшілігінің жан-жақты қолдауының арқасында ғылымды қаржыландыру көлемінің ұлғайғанын, ал бұл қадамның өз кезегінде – отандық ғылымның дамуына үлкен серпін беретінін атап өтті.