БҚМУ-дың ғылыми жобасы ДДҰ-ның күн тәртібіне енді

2023 жылдың 7-8 сәуірінде Алматы қаласында «Қазақстанның жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі қауымдастығы (ҚМПА)» ұйымдастыруымен II Халықаралық конференция өтті.

Бұл конференцияға ҚР ДСМ мен ҚР ОАМ өкілеттілігімен және IPPF, ЮНФПА, ДДҰ, ESC сияқты халықаралық ұйымдардың қатысуымен өтті.

ДДҰ-ы 2023 жылы жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығына аса мән беру керектегін көтеріп отырса, қалыпты физиология кафедрасының PhD., асс.профессоры Аманжолқызы Айнұр және 3 курс докторанты Донаева Айнұр Ерғалиқызы 2018 жылдан бері осы мәселені көтеріп жүр.

Біздің БҚМУ жас ғалымдары Университетішілік қаржыландырылған жобаның ғылыми нәтижелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында осы халықаралық конференцияда «Біріншілік дисменорея кезіндегі D витаминінің тапшылығы» атты тақырыбында баяндама жасалды.