«Ашық есік күні»

Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру және олардың медицинаға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында сәуір айының 17 күні «KazGUU school» мектеп гимназиясының 8-11 класс оқушылары класс жетекшісілерімен бірге М.Оспанов атындағы БҚМУ «ашық есік күніне» келді.

Мектеп оқушылары медицина университетінің корпустарын, анатомиялық екі мұражайды, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің мұражайын аралап, қызықтады және көптеген сұрақтарын қойды.

Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру университет пен мектеп арасында әрі қарай байланыс орнатуға септігін тигізеді деген үмітте екенін, дәрігер болуды армандап, болашақта медицина университетіне оқуға келетіндерін білдірді.