“Тәжірибеден – жобаға”

2023 жылдың 14-15 сәуірі аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ “Тәжірибеден – жобаға” атты студенттер мен жас ғалымдардың III Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындары мен таяу шет елдердің жоғары оқу орындары қатысты. Конференцияда заманауи іргелі зерттеулердің өзекті бағыттары және медицина мен денсаулық сақтау саласындағы проблемаларды одан әрі шешуін іздеу қарастырылды.

Конференцияның өту форматы бұрынғыдан өзгеше әдіспен ерекшеленді – PechaKucha Night – кешкі Алматының көркем тау бөктерінде өтті. Конференцияның мақсаты: студенттер мен жас ғалымдардың белсенді қарым-қатынасы мен Қазақстанның жетекші спикерлерінің жеке өсуін дамыту. Конференцияда заманауи зерттеулердің өзекті тенденциялары және медицина мен денсаулық сақтау саласындағы болашақ шешімдерді іздеу мәселелері қарастырылды.

Халықаралық конференцияда университет студенттерінің шығармашылығы назардан тыс қалмады. “Жалпы медицина” факультетінің 1 курс студенттері Бекниязова Айсұлу мен Оразаева Маржан, сонымен қатар “Стоматология” факультетінің 2 курс студенті Данабаев Нұрдан «Жаратылыстану зерттеулері саласындағы медициналық ынтымақтастық» және «Іргелі пәндер саласындғы зерттеу жұмыстары» бағыттары бойынша қатысты. Оразаева Маржан «Стресстің адам денсаулығына әсері және оның зардаптары», Бекниязова Айсұлу «Балалық шақтағы психологиялық жарақаттың адам денсаулығына әсері», Данабаев Нұрдан «Стоматологтардың кәсіби қызметіндегі шығармашылық және клиникалық ойлау» тақырыптарына баяндама жасады. Студенттердің ғылыми жұмысы психология кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м. Дүйсенова Айнаш Алдабергенқызының жетекшілігімен орындалды. Оларға өз зерттеулерін жарқын және есте қаларлық түрде көрсету үшін 400 секунд берілді.

Марат Оспанов атындағы БҚМУ әкімшілігіне студенттеріміздің конференцияға қатысуына қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.