Болашақ мамандық таңдау
19.04.2023ж. кафедраның және қабылдау комиссиясының алға қойған жоспарларына сәйкес, Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Алиев Ондасын Мынбаевич Ақтөбе қаласының № 21 мектебінде кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.
Бұл шара мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауда, әсіресе медицина мамандығына қызығушылық танытқан оқушыларға кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу мақсатында іске асырылды. 11-сынып оқушылары өздерін толғандырған, қызықтырған, сұрақтарына жауаптар алды.
Сонымен қатар, біздің университетіміздегі білім бағдарламалары, мамандықтар, болашақтағы қызметтік жұмыстары, осы мамандықтарға мемлекеттік білім гранттарына, ақылы бөлімге өту баллдары, қаңтар айынан бері болып жатқан ҰБТ, шілде айындағы болатын арнайы емтихан тәртіптері, мемлекеттік білім гранттарына және оқуға қабылдануға, түсуге құжаттардың қабылдау мерзімдері, қабылдау комиссиясының жұмыс тәртіптері туралы сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық деңгейде жауаптар берілген болатын.
Бұл шара жыл сайын Ақтөбе облысы және қала, басқа да облыс мектеп бітірушілері арасында тұрақты түрде жүргізіліп, медицина мамандықтарын таңдаған ұрпақтарға сапалы, толықтай ақыл кеңестер беріліп, алдағы болатын сынақтардан, белестерден сүрінбей өтуіне тілектестік білдіре, сәттілік тілейміз.