“Ғылымды дамыту жолдары” семинары

18-19 сәуірде университетте “Ғылымды дамыту жолдары” тақырыбында семинар өтті. Семинарды ғылым департаменті, ғылым қызметкерлері күніне орайластырып, ұйымдастырды.

Семинарда талқыланған бірінші тақырып “Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті өткізетін ГҚ және БНҚ конкурсына өтінім дайындау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы” болды.

Ғылыми-аналитикалық жұмыстар бөлімінің басшысы А. А. Сариева тұсаукесерін ұсынды, онда ғылыми жобаларды ұсыну кезіндегі негізгі тұстары мен қыр-сырын атап өтті.

“Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі” атты екінші тақырыпты ғылыми-зерттеу қызметінің менеджменті бөлімінің басшысы А. Ж. Абитова баяндады.