Студенттер Адалдық кодексіне қол қойды

2023 жылдың 20 сәуір күні «Жалпы медицина, стоматология, фармация, қоғамдық денсаулық сақтау, педиатрия» факультетінің 1-курс студенттері Адалдық кодексіне қол қойды.

Кодекс мақсаты – академиялық адалдық қағидаларын сақтауға, жауапкершілік пен борыш сезімін, мақтаныш пен патриотизмді тәрбиелеуге бағытталған университеттің білім беру ортасында білім алушылардың мінез-құлық стандарттарын белгілеу.

Іс-шараға қатысқандар: Серікжанов Қуанышбек Серікжанұлы – «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы;

Мұстафина Әсел Сағынғалиқызы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының Ақтөбе облыстық филиалының басшысы;

Ізбасаров Нұрхан Жаманқұлұлы – М.Оспанов атындағы БҚМУ комплаенс – офицері.

Адалдық Кодексіне қол қоя отырып, студенттер өз елінің лайықты азаматы, таңдаған мамандығының кәсіби маманы болуға ұмтылуға, азаматтық позициясын ашық көрсетуге және құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік қағидаттарын сақтауға міндеттенеді.