Хабарландыру!

2023 жылғы талапкерлер!

Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау басталды!

Тіркелу 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында www.app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі. ҰБТ өткізу мерзімі: 2023 жылғы 16 мамыр – 5 шілде.

МАҢЫЗДЫ (осы даталарды жаттап алыңыздар):

28 сәуір мен 6 мамыр аралығында ҰБТ-ның 1-ші мүмкіндігіне;

7 мамыр мен 14 мамыр аралығында 2-ші мүмкіндігіне өтініш беру қолжетімді болады.

Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеудің өту ОРНЫН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде Сіз тестілеуді 2 рет тапсырып (екі сертификат та жарамды), ең үздік нәтижемен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыз.

Бұл ҰБТ-ға қатыса алады:

2023 жылғы мектеп және колледж түлектері;

– мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;

– шетелде 11(12) сынып білім алушылары;

– қандастар;

– шартты түрде оқып жатқан студенттер.

Ағымдағы (2023) жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға ТЕГІН қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.