«Патанатомия және сот медицина кафедрасындасындағы «Визитинг профессор»

17-28 сәуір аралығында университетімізде “Патологиялық анатомия және сот медицинасы” кафедрасында «Visiting-professor» бағдарламасы аясында Ставрополь медицина университеті “Патологиялық анатомия” кафедрасының жетекшісі, м.ғ.д, профессор Чуков С.З. жұмыс жасады. Жалпы медицина факультетінің 2 курс ағылшын және орыс топтарына күнделікті дәріс және практикалық сабақ өткізді.

Жоспарға сай, «Әйел жыныс мүшелерінің және сүт бездерінің ісік алды, онкологиялық ауруларының патоморфологиялық, цитопатологиялық сипаттамасы» тақырыбында дәрігер- патологанатомдарға біліктілік арттыру курсын өткізді.

Осы курсқа Ақтөбе, Өскемен, Атырау, Ақтау, Орал қалаларынан дәрігер-патологанатомдар қатысты. Курстың ерекшелігі – дәрігер патологоанатомдардың қатысуына қолайлы жағдай туғызып, онлайн және офлайн форматта өткізілді. Шығыс Қазақстан, Алматы, Талдықорған, Семей қалаларының дәрігер-патологанатомдары онлайн форматта қатысты.

Профессор және курсанттарға Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің мұражайы таныстырылды. Кафедра жоспарына сай, кафедраның кітапханадағы күні осы күндер аясында профессордың, кафедра ұжымының және дәрігер- патологоанатомдардың қатысуымен өтті, дәрігер-патологоанатомдар жаңа кітаптармен және авторлармен танысып, өздеріне құнды мағлұматтар алды, әрі электронды кітапханаға тіркеліп, оны кәсіби жұмыстарында қолдану мүмкіндіктеріне ие болды.