Сый-құрмет пен жақсылық күні

2023 жылдың 3-4 мамыр күндері Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы бірлесе отырып, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Мың тағзым Сізге, ардагерлер!» атты іс-шара өткізді.

Университетіміздің дәрігерлік, педагогикалық, шаруашылық саласында адал қызметте және Ұлы Отан соғысы жылдары тылда еңбек еткен, балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген, Ауған соғысының жауынгерлері болған 29 ардагер-зейнеткерлерін қолдау мақсатында мекеме өкілдері ардагерлерді үй-жайларына барып құттықтап, әңгіме-сұхбат, естелік өткізіп, өз тілектерін білдіруде.

Бұл шараны өткізу мақсаты – ардагерлерді құрметке бөлеу, мұң-мұқтаждары мен талап-тілектерін мүмкіндігінше орындау, аға ұрпақ өнегесін жас ұрпаққа үлгі ету, қоғамдық өмірге араластыру болып табылады.

Білім ордамыздың мерейі мен мәртебесін арттырған, жылдар бойғы адал еңбектеріне ризашылығымызды білдіреміз! Шәкірттеріңіз Сіздерді ешуақытта ұмытпайды, ештеңе де ұмыт қалмайды!