ДӘСТҮРМЕН ЖАҢА БЕЛЕСТЕРГЕ
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» КеАҚ тарихы 1957 жылы КСРО Жоғары білім министрлігінің бұйрығымен Батыс және Солтүстік-Батыс Қазақстанды білікті дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында “Емдеу ісі” мамандығы бойынша Ақтөбе мемлекеттік медицина институты ашылған кезде басталды. Институттың бірінші ректоры болып м. ғ. д., академик А. Б. Даиров тағайындалды.
Институттың ашылуы Қазақстанның медициналық білім беруі мен ғылым саласының дамуына негіз болды.
Медициналық университеттің өткені – бұл елде ғана емес, одан тыс жерлерде де белгілі ғылыми мектептерді қалыптастыруы; елдің практикалық денсаулық сақтау саласында сұранысқа ие әр түрлі мамандықтағы дәрігерлерді даярлауы, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуі.
Бүгінде “Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті” КеАҚ Қазақстанның Батыс өңірінің жетекші білім беру мекемесі, медициналық және клиникалық ғылым орталығы болып табылады.
Университеттің даму стратегиясы денсаулық сақтау және медициналық білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, саланы жоғары білікті медициналық кадрлармен қамтамасыз етуге, халық үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Білім беру сапасын арттыру және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу бойынша тыңғылықты жұмыстардың арқасында университет жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингтерінде өзінің лайықты орнын алады.
2023 жылы Марат Оспанов атындағы БҚМУ АРТА өткізген жоғары оқу орындарының “ТОП-20” бас рейтингінде 7 орын алды. ҚР-2023 жоғары оқу орындарының институционалдық рейтингінде “Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (Медицина)” бағыты бойынша университеттің білім беру бағдарламалары жетекші орындарға ие.
2023-2024 оқу жылына Марата Оспанов атындағы БҚМУ дайындықтың барлық бағыттары бойынша 79 білім беру бағдарламасын іске асырады: 17 бакалавриат ББ; 46 резидентура ББ; 13 магистратура ББ және 3 PhD докторантура ББ.
Университетте 5 оқу-зертханалық корпус, 2100 орынды 5 студенттік жатақхана, А. Досжанова атындағы 700 орынды конференц-холл, заманауи ғылыми кітапхана бар.
Университет құрамында 47 кафедра, оның ішінде әскери кафедра, жеке клиникалар: Медициналық орталық және стоматологиялық клиникасымен отбасылық медицина клиникасы; симуляциялық оқытуды жүзеге асырушы практикалық дағдылар орталығы, қосымша кәсіптік білім беруді іске асырушы кәсіби өсу орталығы, ғылыми зертханалары мен виварийі бар ғылыми-практикалық орталық, мейірбике ісін жетілдіру орталығы, мейірбике ісін жетілдіру орталығы педагогикалық шеберлік орталығы бар.
Марат Оспанов атындағы БҚМУ-да 2023-2024 оқу жылына 644 оқытушы, оның ішінде штаттық құрам – 490 адам, қоса атқарушылар-154 адам, ғылым докторлары, PhD докторлары – 48 адам (10,6%), ғылым кандидаттары – 120 адам (24,4%), магистрлер-167 адам (34,0%), олардың ішінде 168-нің (50,1%) ғылыми атағы бар.
2023-2024 оқу жылына білім алушылар контингенті 7200 адамды құрайды (оның ішінде бакалавриат бағдарламалары бойынша – 5261, интернатура – 1939, резиденттер – 815, докторанттар – 54, магистранттар – 19).
Білім алушылардың 60% -дан астамы мемлекеттік білім беру гранттары негізінде білім алады, қосымша облыс әкімдіктерінен медициналық кадрларды даярлау үшін гранттар бөлінеді. 817 шетелдік студент оқиды.
Марат Оспанов атындағы БҚМУ Ақтөбе облысын және Батыс Қазақстанның бүкіл өңірін медициналық кадрлармен қамтамасыз етеді. 2023 жылы түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі – 97,8%; білім беру гранты бойынша оқығандар – 100% құрады.
2004 жылдан бастап “Батыс Қазақстан медицина журналы” ғылыми-мерзімдік журналы шығарылады.
2023 жылы ғылыми журналдың ребрендингі өткізілді, соның нәтижесінде Scopus және Web of Science дерекқорына және “Ғылым Альянстары” жаңа ғылыми-практикалық журналына енгізіле отырып, ағылшын тіліндегі алғашқы “West Kazakhstan Medical Journal” университеттік журналы құрылды, ол ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдар тізбесіне енгізілді.
Марата Оспанов атындағы БҚМУ медицина ғылымы, білім беру және практикалық денсаулық сақтау саласындағы жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен өзара қарым-қатынас туралы жасалған меморандумдар, шарттар, халықаралық ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде ынтымақтастықты жүзеге асырады, олардың саны жыл сайын артып келеді Студенттер мен ПОҚ академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылуда.
ЖОО жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру саласында 25 мыңнан астам жас маман дайындады. Университет түлектері Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарының оқу және ғылыми ұжымдарын басқарады, жақын және алыс шет елдерде табысты еңбек етуде.