«RNS» Ұлттық қауымдастығы сарапшыларының кәсіптік бағдары

«Primary Health Care»» ұлттық қауымдастығының басқарма төрағасы м.ғ.д,. профессор Р.А. Абзалов, «РНС» ұлттық қауымдастығының атқарушы директоры И.С. Стратулат «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ бакалаврлары, интерндері және резиденттерімен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жұмысын ұйымдастырудың өзекті мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында МСАК-ты (ПМСП) дамыту мен жетілдірудің қазіргі тенденциялары, атап айтқанда, инновациялық медициналық-әлеуметтік технологиялар, алғашқы медициналық-санитарлық көмектегі әлеуметтік жұмыстың негіздері, қоғамдағы денсаулықты нығайтудың жолдары қарастырылды. Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін реформалау Алматы және Астана декларацияларына сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімді үлгілерін іздеумен тікелей өзара байланысты. Нақты айтар болсақ, осы алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) кез келген елдің денсаулық сақтау жүйесінің негізгі қызмет көздері ретінде бағаланып отыр.

Қазақстанның қазіргі денсаулық сақтау саласының стратегиясы бұрынғы алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесінен бастапқы медициналық-әлеуметтік көмекке көшу болып табылады. Бастапқы медициналық-әлеуметтік көмек – халықтың әлеуметтік салауаттылығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында оның қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы халықтың денсаулығын қалпына келтіруге, сақтауға, нығайтуға бағытталған медициналық-әлеуметтік, психологиялық және профилактикалық қызметтер кешені.

Медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастырудың басты мақсаты медициналық, әлеуметтік, психологиялық және басқа бейіндегі мамандардың көп салалы тобын құру.

Заманауи тенденциялар мен инновациялар мейірбике ісі үрдісінде, әлеуметтік-психологиялық көмекті ұйымдастыру, азаматтардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігі қарастырылған. «РНС» ұлттық қауымдастығының сарапшылары тек теориялық негізде ғана емес, сонымен қатар озық тәжірибе орталықтарын құрудың іс жүзіндегі қолданыстағы тәжірибелер мен денсаулықты нығайтуда, экономикалық тиімділікте қол жеткізілген нәтижелермен таныстырды.

Бұл кездесуден, біздің тыңдаушыларымыз білім беру жүйесін отбасылық тәжірибеге және қызмет көрсетудің отбасылық қағидатына сай бағдарлай отырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нығайтудың алдыңғы қатарлы әлеуметтік-бағдарланған – пациентке бағытталған – МСАК үлгілері туралы маңызды білім алды. Бұл кездесуде айтылған кеңестер қатысушылардың ойларын жетілдіре өзгертіп, ЖТД мамандығына және МСАК жүйесіне жаңа көзқараспен қарауға ынталандырады.

Кездесу үлкен ықыласпен, қызығушылықпен, қызықты, мазмұнды өтті. Университет әкімшілігі бизнес-серіктестері – «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығының сарапшыларына, қатысушыларға жеткізген тәжірибелі білімдері үшін және ЖТД/отбасылық дәрігер мамандығын таңдауға үлкен бағыт бергені үшін шынайы алғысын білдіреді.