Маңғыстау облысына ғылыми сапарды жүзеге асыру

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын (2021-2023 жж.) ЖТН AP09058126 «Батыс Қазақстан ЖОО-да студенттердің кәсіби дайындық жағдайындағы әлеуметтік жауапкершілігі» ғылыми жобасының зерттеу тобының мүшелері және психология кафедрасының доценті Книсарина Малика Мақсатқызы мен кафедраның аға оқытушысы Жұмалиева Гүлмира Сайынқызы Ақтау қаласы, «Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КеАҚ «Педагогика» кафедрасында ғылыми сапармен болды.

Ғылыми сапардың мақсаты – заманауи университетте кәсіптік оқыту аясында студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін семинар-тренинг және шеберлік-класс өткізу болды. Сонымен, ғылыми іссапардың бірінші күні университеттің барлық мамандықтар бойынша профессорлық-оқытушылық құрамы үшін «Білім алушылардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырудағы ақпараттық ресурстар» атты оқыту семинары өтті.

Екінші күні университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттеріне арналған «МЕН дегеніміз – бұл БІЗ!» тренингі өтті. Осы іс-шараларға қатысушылар таңдалған зерттеу мәселелерінің өзектілігін, семинарлардың уақытылылығын және тренерлердің жоғары кәсібилігін атап өтті.

«Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КеАҚ студенттері, оқытушылар құрамы және педагогика кафедрасының меңгерушісі – Шагырбаева Ментай Догдырбайқызы ғылыми және академиялық ынтымақтастыққа ізгі ниеті мен ашықтығы үшін, бірлесіп ұйымдастырылған барлық іс-шараларға белсенді шығармашылық танытып қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз!