Кардиоонкология онлайн циклін өткізу туралы
2017 жылы Марат Оспанов атындағы БҚММУ-де “Visiting-professors” бағдарламасы басталды. Бұл бағдарлама елеулі ғылыми беделі бар басқа мамандарды тартуға, басқа медициналық жоғары оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынас орнатуға, озық технологиялар мен инновациялық әдістемелерді меңгеруге мүмкіндік береді.Осы бағдарлама аясында №2 ішкі аурулар кафедрасы жетекшісі Г. Л. Құрманалинаның басшылығымен онлайн форматта “Кардиоонкология” циклі ұйымдастырылды. “Visiting-professors” ретінде медицина ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің” Н.И. Пирогов атындағы «Ресей ұлттық зерттеу медициналық университеті» Федералдық мемлекеттік автономиялық жоғары білім беру мекемесінің емдеу факультетінің №2 госпитальдық терапия кафедрасының профессоры Гендлин Геннадий Ефимович шақырылды.
Г. Е. Гендлин – Ресей Федерациясы Үкіметінің ғылым және техника жөніндегі сыйлығының лауреаты, “созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеудегі негізгі бағыттар”, “Жүрек клапандарының аурулары”, “Кардиологтың тәжірибесіндегі эхокардиография”, “Кардиология жөніндегі нұсқаулық”, “Жүрек жеткіліксіздігі: дәлелді медицина тұрғысынан диагностиканың, емдеудің және алдын-алудың өзекті мәселелері” кітаптарының авторы. Геннадий Ефимович ЖСНЖ диагностикалау және емдеу бойынша ЖСНЖ ұлттық ұсынымдарын, “Дәнекер тіннің тұқым қуалайтын бұзылулары” ресейлік ұсынымдарын, “Қарқынды терапия” ұлттық басшылығын құруға қатысты.Цикл 10.05-14.05.2021ж. аралығында және қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимде өтті. “Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы” және “Терапия” мамандықтары бойынша кафедра, университет ПОҚ оқитын резиденттер, сондай-ақ шақырылған тәжірибелі кардиологтар, терапевттер мен онкологтар осы циклдың тыңдаушылары болды.
Цикл бағдарламасына сәйкес тыңдаушыларға инфекциялық эндокардит, қақпақшалы жүрек ақауы, миокардит және кардиомиопатия сияқты кардиологияның өзекті мәселелері бойынша дәрістер мен семинарлар ұсынылды. Химиопрепараттар мен сәулелік терапияның жүрек-қантамыр жүйесіне әсері, онкологиялық пациенттердегі кардиотоксикалық асқынуларды диагностикалау, алдын алу және емдеу әдістеріне көп көңіл бөлінді. Өз презентацияларында профессор Г.Е. Гендлин өз бақылауларынан фото – және бейнематериалдарды пайдаланды. Дәрістер интерактивті форматта өткізіліп, профессор дәрістер мен семинарлар барысында тыңдаушыларға сұрақтар қойып, оларға тиісті жауаптар алды.