Университет ішілік байқаудың қорытындысы «Үздік университет оқытушысы» анықталды.

Кәсіби мереке – Медицина қызметкері күні қарсаңында университеттің Басқарма төрағасы-ректоры Ә.Ә. Қалиевтің тапсырмасына сәйкес алғаш рет «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына байқау жарияланды.
Комиссия құрамы алдын-ала бекітіліп, ереже әзірленді, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» медалі шығарылды, ақшалай ынталандыру мөлшері: 1 орын – 750 000 теңге, 2 орын – 500 000 теңге, 3 орын – 300 000 теңге.

Мақсаты: Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби-педагогикалық мәдениетін арттыру, ұстаздардың ғылыми әлеуетінің белсенділігін ынталандыру, өзін-өзі кәсіби дамыту жолына қолдау көрсету.
Байқауға теориялық және клиникалық кафедралардың үздік оқытушылары қатысты. Берілген өтінімдердің жалпы санынан конкурсқа 12 үміткер жіберілді, оның 9-ы теориялық, 3-і клиникалық бөлімдер бойынша.
Белгіленген сандық және сапалық көрсеткіштерге сәйкес барлық үміткерлер 100 және одан жоғары балл алды.
Байқау аясында сапа менеджменті жүйесі бөлімі «Мұғалім студент көзімен» сауалнамасын жүргізді.
Байқау комиссиясы мен сараптау тобының қорытындысы бойынша ЖОО ішілік конкурс жеңімпаздарына дәреже және ақшалай сыйақы берілді:
«Клиникалық кафедраның үздік оқытушысы» номинациясы:
I орын: Базарғалиев Ерлан Шаймерденұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, 2 магистрдің және 2 PhD ғылыми жетекшісі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған (2020).
II орын: Батырова Гүлнара Арыстанғалиқызы – PhD, доцент, 35-тен астам ғылыми еңбектердің авторы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды (2022).
III орын: Жолдин Бекболат Құлжанұлы – N2 ішкі аурулар кафедрасының профессоры, 250-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, Қазақстан Республикасы терапевтер қауымдастығы, Ресей және Еуропалық кардиологтар қоғамы, Жүрек жеткіліксіздігі мамандары қоғамы президиумының мүшесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған (2019 ж.).
«Үздік теориялық кафедра оқытушысы» номинациясы:
1 орын: Жексенова Ажар Николаевна – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» (2019), «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (22022) төсбелгісімен марапатталды.

2 орын: Ермуханова Людмила Сергеевна – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, 80-нен астам ғылыми жұмыстардың авторы, 10 магистрдің және 2 PhD ғылыми жетекшісі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2020) төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» 2022 MHВO төсбелгісімен марапатталды.
3 орын: Уразаева Салтанат Тұраққызы – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, 90-нан астам ғылыми жұмыстардың авторы, 10 магистранттың жетекшісі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған (2019 ж.)
Байқаудың барлық қатысушыларына рақмет! Жеңімпаздарды құттықтаймыз!