Өзгелерді құтқару үшін өз өмірін қатерге тігу
Медицина қызметкері күні мерекесі қарсаңында Марат Оспанов атындағы БҚМУ университетінде салтанатты іс-шара өтті, оның барысында университеттің үздік қызметкерлері марапатталды.Коронавирустық инфекциямен қаза тапқан қызметкерлер үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды. Қонақтарға транспланттау жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының басшысы Жақсылық Досқалиевтің құттықтау бейнеролигі көрсетілді.
– Пандемия кезінде бірнеше ай бойы күндіз-түні жеті учаскеде тұрып, науқастарға күтім көрсеткен резиденттерімізге үлкен алғыс айтқым келеді. Сіздер өздеріңіздің кәсібилігіңіз бен адамгершілігіңізді көрсеттіңіздер. Барлық инфекциялық және провизорлық ауруханаларда біздің инфекционистер, терапевттер және басқа да бейінді мамандар жұмыс істеді. Біздің өңірлік қызметкерлердің бірқатар бригадалары Орал, Ақтау, Атырау қалаларында көмек көрсеткенін Оспанов атындағы БҚМУ университетінің ректоры Мұрат Телеуов атап өтті, олардың баға жетпес жұмыстары үшін алғысын білдірді.
Содан кейін Мұрат Қойшыбайұлы Надя Мавлюдоваға, Жүсіпбек Сатеновке, Мария Бекжановаға, Владимир Кенжебаевқа «Еңбек ардагері» медалін табыстады. 12 жұмыскер «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерін алды.
Медицина, ғылым мен университеттің дамуына үлес қосқан қызметкерлер құрмет грамоталары мен алғыс хаттарға ие болды.
Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.