Еуропадағы халықаралық ғылыми конференция!

2021-2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландыратын “Батыс Қазақстан ЖОО-да студенттердің кәсіби даярлық жағдайындағы студенттердің әлеуметтік жауапкершілігі” ғылыми-техникалық жобасын (ЖРН AP09058126) іске асыру мақсатында зерттеушілер Афина қаласында (Греция) өткен “10th Annual International Conference on Social Sciences” халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.

Ph.D., психология кафедрасының доценті, ғылыми жоба жетекшісі М.М. Книсарина Афина Білім және зерттеулер институтында (Athens Institute for Education and research (ATINER)) 2023 жылдың 24-27 шілдеде өткен конференцияда “Social Networks, Media Resources in the system of Increasing Social Responsibility among Students” тақырыбында ғылыми баяндама ұсынды. Халықаралық конференцияға АҚШ, Канада, Жапония, Қытай, Франция және т.б. сияқты әлемнің әртүрлі елдерінің ғалымдары қатысты.

ATINER Президенті Dr Gregory T. Papanikos ATINER ұйымдастыратын жыл сайынғы ғылыми конференцияларға Қазақстандық ғалымдардың қызығушылығы мен белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.