Элективті пәндер каталогы

Кредиттік технология – білім алушылардың пәндерді және (немесе) модульдерді пәндерді оқып-үйренудің кезектестілігін өз бетінше таңдауы мен жоспарлауы негізінде академиялық кредиттерді жинақтай отырып оқыту. Элективті пәндер – білім алушының дербес дайындығын көрсететін, нақты бір өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен сұраныстарын, қалыптасқан ғылыми мектептерін ескеретін, белгіленген академиялық кредиттер шеңберінде ЖОО компонентіне және таңдау компонентіне кіретін және білім беру мекемелері тарапынан енгізілетін оқу пәндері. ЭПК-ның негізгі мақсаты білім алушыларға олардың мағыналы таңдауын қамтамасыз ету үшін, элективті пәндер бағдарламаларының қысқа мазмұнымен танысу мүмкіндігін беруі болып табылады. ЭПК әр мамандық бойынша жеке құрастырылады және зерттеудің мақсаты, қысқаша сипаттамасы (негізгі бөлімдері) және зерттеудің күтілетін нәтижелерін көрсететін қысқаша сипаттамасы бар таңдау компонентінің барлық пәндерінің жүйеленген аннотациялық тізімі болып табылады (білімі, икемділігі, дағдылары және құзыреттілігі). ЭПК-ы мамандықтарын құрастыру барысында Марат Оспанов атындағы БҚММУ-нің білім беру қызметтерін тұтынушылардың өтініштері және ғылым, медицина, нарық қажеттіліктері даму тенденциялары кафедралармен ескерілуі керек. Білім алушыларға ойластырылған және біртұтас білім беру траекториясын қалыптастыруда құзыретті көмек көрсету үшін эдвайзерлердің жұмысы қарастырылады. Марат Оспанов атындағы БҚМУ-і эдвайзерінің негізгі міндеттері:

– жеке оқыту траекториясын анықтауда білім алушыларға көмек көрсету;
– білім беру траекториясын құру бойынша ББК мамандықтармен бірлескен жұмыс;
– элективті пәндерді таңдауда білім алушыларға консультациялар өткізу;
– университетте оқудың барлық кезеңінде оқу үрдісіне бейімделу;
– білім алушының болашақ кәсіби бағыттылығын қалыптастыру.

Эдвайзерлер білім алушыларға жеке оқу жоспарын құрастыруға көмектеседі.

ЭПК мамандықтар келесі талаптарға сәйкес әзірленеді:

– элективті пәндер МЖМБС-мен анықталған білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін меңгеру қажеттілігіне сәйкес айқындалады.

– элективті пәндерді оқып үйрену тәртібі академиялық өзара қарым-қатынас логикасына және пәндерді оқу тәртібіне, яғни, алғышарттар мен постреквизиттерді көрсете отырып жүзеге асырылады.

Пререквизиттер – оқылатын пәнді меңгеру үшін қажетті білімдерді, біліктер мен дағдыларды қамтитын пәндер. Постреквизиттер – осы пәнді оқып-үйреніп болғаннан кейін меңгеру қажет болатын білімдерді, біліктер мен дағдыларды қамтитын оқу пәндері.

Эдвайзер – ол оқудың барлық кезеңдерінде сәйкесінше мамандық бойынша білім алушыға академиялық тәлімгер функциясын орындайтын, оқыту траекториясын таңдауда (жеке оқу жоспарын қалыптастыру) және білім беру бағдарламасын игеруде жәрдем көрсететін оқытушы (әдеттегі кафедра). Эдвайзер білім алушылардың академиялық мүдделерін ұсынады және оқу процесін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті ақпараттық материалдарды даярлауға қатысады. Мұнан басқа эдвайзер болашақ мамандықты анықтау, бітіру жұмысының тақырыбын таңдау барысында кеңес береді.


Эдвайзерлер туралы қысқаша мәліметтер

Марат Оспанов атындағы БҚМУ-ң 2023-2024 оқу жылындағы эдвайзерлер тізімі

Т.А.Ә эдвайзерлер

Жұмыс орны және факультет бойынша жауаптылар

Кафедра

Байланыс номері

1

Исангужина Жамиля Халеловна

ЖМ «Педиатрия»

көпқабатсалалы облыстық аурухана, тұрғын алабы Жанаконыс 8Е, 1 қабат

№2 Балалар аурулары кафедрасы

8-702-188-96-58

2

Султанбекова Гульмира Амантаевна

ЖМ «Ішкі аурулар» Марат Оспанов атындағы БҚМУ МО, 4 қабат, гематологиялық бөлім

№2 Ішкі аурулар кафедрасы

8-701-273-23-28

3

Кусанова Ляззат Шингисовна

«Жалпы медицина», «Медицина» Марат Оспанов БҚМУ, бас ғимаратты, 5 қабат, 505 кабинет

Тіркеу офисі

8-701-626-03-37

4

Нурымбетова Зарина Галымжановна

«Жалпы медицина», «Медицина» Марат Оспанов БҚМУ, бас ғимаратты, 5 қабат, 505 кабинет

Тіркеу офисі

8-705-226-83-06

5

Клышбекова Жанна Елемесовна

«Жалпы медицина», «Медицина» Марат Оспанов БҚМУ, бас ғимаратты, 5 қабат, 505 кабинет

Тіркеу офисі

8-771-187-98-52

6

Абишева Гульмира Сериковна

«Жалпы медицина, «Медицина» Марат Оспанов БҚМУ, бас ғимаратты, 5 қабат, 505 кабинет

Тіркеу офисі

8-707-708-22-98

6

Бекбауова Аймира Упуовна

«Қоғамдық денсалық сақтау», Марат Оспанов атындағы БҚМУ 2 корпус

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасы, 2 корпус

8-701-668-17-09

7

Абашева Гульшара Адиловна

«Стоматология» Маресьева 76, клиника, Стоматологиялық клиника, терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасы, 2 қабат, 204 қабат

Терапиялық және ортопедиялық стоматология

8-777-112-04-73

8

Уразгалиев Кенжебек Шеркешбаевич

«Фармация» Марат Оспанов атындағы БҚМУ, 1 корпус, 4 қабат

Фармацевтикалық пәндер кафедрасы, 1 корпус

8-705-730-54-67

9

Абдикадирова Индира Темирхановна

«Мейіргер ісі» Марат Оспанов атындағы БҚМУ 2 корпус

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасы

8-778-774–08-86

10

Таушанова Майя Карибаевна

«Мейіргер ісі» Марат Оспанов атындағы БҚМУ 2 корпус

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасы

8-747-517-02-80

«Жалпы медицина» – 2023-2024 оқу жылына арналған элективті пәндердің тізімі – 5 курс

«Жалпы медицина» – 2023-2024 оқу жылына арналған элективті пәндердің тізімі – 7 курс

«Фармация» – 2023-2024 оқу жылына арналған элективті пәндерінің тізімі

«Қоғамдық денсаулық сақтау» – 2023-2024 оқу жылына арналған элективті пәндерінің тізімі

«Мейіргер ісі» техникалық және кәсіби білім негізіндегі –  2022-2023 оқу жылына арналған элективті пәндердің тізімі

«Мейіргер ісі» – 2023-2024 оқу жылына арналған элективті пәндердің тізімі

«Стоматология» – 2023-2024 оқу жылына арналған элективті пәндер тізімі

«Мейіргер ісі» орта білімнен кейінгі оқыту базасындағы – 2023-2024 оқу жылына арналған элективті пәндер тізімі