«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Процестерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру
Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Процестерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің жетекшісі.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Процестерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті жетекшісінің лауазымына жоғары техникалық (информатика, есептеу техникасы және бағдарламалық қамту) білімі және басқару қызметінде кемінде 5 жыл өтілі бар тұлға тағайындалады.
Функционалдық міндеттері:
Процестерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті жетекшісі:
- ЖОО-ның бизнес-стратегиясының, сондай-ақ ЖОО-ның ақпараттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі ретінде ақпараттық технологиялар саласындағы ЖОО стратегиясын қалыптастырады.
- Автоматтандырудың орындылығын анықтау мақсатында ЖОО бизнес-процестеріне зерттеулер жүргізуде басшылық етеді.
- Процестерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің қызметін ақпаратты механикаландырылған және автоматтандырылған өңдеу, инженерлік, экономикалық және басқа да міндеттерді шешу үшін есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдары жүйесін құру, қызмет көрсету, дамыту және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырады.
- Бөлімшелердің тапсырыстарына, басқа ұйымдар үшін жұмыстарды орындауға арналған шарттарға және Процестерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес ақпаратты өңдеу және есептеу жұмыстарын жүргізу жоспарларын және кестелерін әзірлеуде басшылық етеді.
- Электрондық-есептеу жабдығының негізгі құрамын таңдауды жүзеге асырады, оның негіздемесін жүргізеді, ақпарат жинаудың нысандары мен әдістерін айқындайды, есептеу техникасы құралдарымен ақпаратты өңдеудің міндеттері мен технологиялық процестері бойынша ақпаратты өңдеудің технологиялық схемаларын әзірлеуді және университеттің тиісті бөлімшелерімен келісуді қамтамасыз етеді.
- Бөлімшелер мен орындаушылардың тиімді жүктелуін анықтайды, ақпараттың түсу барысын, міндеттерді шешу кестелері мен регламенттерінің сақталуын және белгіленген мерзімде жұмыстардың орындалуын, жұмыстардың орындалу сапасын бақылауды қамтамасыз етеді.
- Процестерді цифрландыру және автоматтандыру және ақпараттық қызмет көрсету департаментінің техникалық базасын жаңартуды, ақпаратты өңдеудің заманауи әдістері мен құралдарын енгізуді қамтамасыз етеді.
- ЖОО заманауи ақпараттық технологиялармен қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық қызметтер нарығын зерделеуді және талдауды жүргізеді.
- Деректер базасының құрылымын және оларға қол жеткізу тетіктерін жобалауға, жүйе деректерімен жұмыс регламентін әзірлеуге және қамтамасыз етуге, ақпараттық-талдау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ықтимал ақпарат көздерін зерделеуге, қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасына сәйкес жүйені қорғауды қамтамасыз етуді жоспарлауға басшылықты жүзеге асырады.
- Университеттің ақпараттық-есептеу жүйесін құру және дамыту үшін бағдарламалық-аппараттық құралдарды, әдістемелік базаны пайдалануға, сондай-ақ еңбек тиімділігін арттыру мақсатында есептеу техникасы құралдарын енгізу бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлеуге жоғары оқу орнының нормативтері мен стандарттарын әзірлеуге және дамытуға процестерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің қатысуын ұйымдастырады.
- Қолданбалы бағдарламалық қосымшаларды пайдаланушыларды оқытуды ұйымдастыруға және жүргізуге, қолданбалы бағдарламалық қосымшаларды пайдаланушыларды үздіксіз оқытудың автоматтандырылған жүйесін жобалауға және әзірлеуге, ЖОО қызметкерлерін үздіксіз оқытудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеуді жобалауға қатысады.
- Ақпараттандыруды және ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастырады және басқарады.
- Процестерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті қызметкерлерінің еңбегін оның қауіпсіздігі мен ұтымды ұйымдастыру талаптарына сәйкес ұйымдастырады, штаттық және қаржылық тәртібінің сақталуын бақылайды.
- Университеттің еңбек тәртібін сақтайды.
- Осы лауазымдық нұсқаулықтың талаптарын сақтайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:
- Басқарма төрағасы-Ректордың атына өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- Маман сертификатының/ клиникалық қызметке кафедраның пән бейіні бойынша дәрігерлік санат сертификаты рұқсатының көшірмелері (клиникалық кафедралар үшін);
- Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда). Университет жұмыскерлері үшін ғылыми еңбектердің тізімін ғылыми хатшы растайды;
- № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- Нысан бойынша психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Нысан бойынша наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама;
- Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне және т.б. қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;
- Университетте жұмыс жасайтын жұмыскерлер бөлім жетекшісінің мінездемесін қоса береді;
- Түйіндеме;
- 20 беттік файл папкасы.
Жарияланған күні: 21 тамыз 2023 жыл.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылуы қажет.
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25. e-mail: hr@zkmu.kz