Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Стратегиялық даму бөлімінің жетекшісі.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Стратегиялық даму бөлімінің басшысы лауазымына жоғары білімі және бөлімнің осы саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.
Функционалдық міндеттері:
- Университетті дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша университеттің Миссиясын, Саясатын және мақсаттарын тұжырымдау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
- Университеттің стратегиялық бағдарламаларын, даму бағдарламаларын, жобалары мен жоспарларын қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу.
- Университеттің негізгі бағдарламалық құжаттарын іске асыруға бағытталған жоспарлар мен бағдарламаларды тиімді іске асыру үшін құрылымдық бөлімшелердің үйлестіруін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
- Университеттің стратегиялық және жоспарланған мақсаттарына қол жеткізу және оған жүктелген миссияны орындау үшін түзету және алдын алу шараларын жоспарлауды, ұйымдастыруды, үйлестіруді бақылау.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен университеттің білім беру, ғылыми және клиникалық қызметінің даму жоспарының нысаналы индикаторларының мәндерін келісу және түзету.
- Бөлім қызметін ұйымдастыру және жетілдіру бойынша жұмыстарды жоспарлау және оның орындалуын қамтамасыз ету.
- Бөлімнің ұйымдық-шаруашылық қызметін ресурстық қамтамасыз етуді жақсарту бойынша шараларды әзірлеу.
- Бөлімге жүктелген тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындау.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;
- Университетте жұмыс жасайтын тұлғалар жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді;
- Файл парақтары бар папка-20 парақ.
Жарияланған күні: 12 қыркүйек 2023 жыл.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылу қажет.
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25 e-mail:hr@zkmu.kz