«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ бас бухгалтері бос лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ бас бухгалтері бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос лауазымның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ бас бухгалтері.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Бас бухгалтер лауазымына тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар және қаржы-бухгалтерлік жұмыс өтілі, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл өтілі бар, кәсіби бухгалтер сертификаты бар тұлға тағайындалады.

Функционалдық міндеттері:

Бас бухгалтер:

  1. Бухгалтерия туралы қолданыстағы ережеге сәйкес басшылықты жүзеге асырады;
  2. Бухгалтерлік есепті университеттің ХҚЕС және есеп саясатына сәйкес жүргізеді;
  3. ХЕҚС-қа сәйкес қаржылық есептілікті және есептіліктің басқа да нысандарын уақтылы жасауға және ұсынады;
  4. Біліктілік санатын жүйелі түрде арттырады;
  5. Есепке алу-есептеу жұмыстарын автоматтандырудың заманауи құралдарын, бухгалтерлік есептің прогрессивті нысандары мен әдістерін пайдаланады;
  6. Міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін (қызметтерді іске асыру, көрсетілген қызметтер үшін жеткізушілермен және Тапсырыс берушілермен есеп айырысу, банктік шоттардағы ақша қаражатының қозғалысы (валюталық және теңгелік) жүргізу бойынша бақылауды жүзеге асырады. Келіп түсетін ақша қаражатын, тауар-материалдық құндылықтарды және негізгі құралдарды есепке алу, сондай-ақ бухгалтерлік есепте олардың қозғалысына байланысты операцияларды уақтылы көрсетеді;
  7. Салықтар мен төлемдерді мемлекеттік бюджетке, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға жарналардың дұрыс есептелуі мен уақтылы аударылуын бақылайды;
  8. Шығындар сметасының орындалуын, өнімді және басқа жұмыстарды сенімді есепке алуды бақылайды;
  9. Ақша қаражаттары мен тауар-материалдық қорлардың жетіспеушіліктері мен ұрлануы бойынша материалдарды рәсімдеу бойынша жұмыстарды уақытылы ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ тиісті жағдайларда сот органдарына тапсыру үшін материалдарды дайындайды;
  10. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын және белгіленген тәртіпте университет архивіне уақытылы тапсырылуын бақылайды;
  11. Жетіспеушіліктердің пайда болуын және ақша қаражаты мен тауар-материалдық қорларды заңсыз жұмсаудың, қаржы және шаруашылық заңнамасын бұзудың алдын алатын ішкі бақылау жүйесінің іс-шараларын дайындауға қатысады. Лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттері (тіркеу, қаражатты мақсатсыз пайдалану және басқа да бұзушылықтар мен теріс пайдаланушылықтар) анықталған жағдайда басшыларға шаралар қолдану үшін ақпарат береді;
  12. Еңбек және өндірістік тәртіпті, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өндірістік санитария мен гигиена талаптарын, өртке қарсы қауіпсіздік, Азаматтық қорғаныс;
  13. Іс жүргізу бойынша нұсқаулық;
  14. Университеттің ішкі еңбек тәртібі ережелері және Ұжымдық шарт;
  15. Бухгалтерлік есеп туралы ереже;
  16. Осы лауазымдық нұсқаулықтың талаптарын;
  17. Бухгалтерияның жұмысын реттейтін университеттің ішкі құжаттарының стандарттарының (саясаттар, рәсімдер және алгоритмдер) талаптарын сақтайды;
  18. Университетте қолданылатын ДК мен бағдарламаларды пайдаланады;
  19. Бас бухгалтер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және университеттің ішкі актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындайды.
  20. Мемлекеттік құпияларды қорғау желісі бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:

  1. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2. Жоғары білім және (немесе) академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  3. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби – консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есептер бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  8. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т. б.) ұсынуға құқылы.;
  9. Университетте жұмыс істейтін тұлғалар жоғары басшылықтың сипаттамасын қоса береді.
  10. Қалың файл парақтары бар папка (20 парақ)

 

Жарияланған күні: 13 қыркүйек 2023 ж.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады:

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ. Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25. e-mail: hr@zkmu.kz