Тіл және медицина

29 қыркүйекте тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен «Тіл және медицина» тақырыбында университетішілік дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шара бірігей мәселелерді шешетін жоғары оқу орындарының филология және педагагогика салаларындағы ғылым кандидаттарының, тіл жанашырларының басын қосты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – ғылым тілінің, атап айтқанда медицина тілінің ерекшеліктерін, сондай-ақ медициналық терминологияның ерекшеліктерін талқылау.

Алғы сөзді медицина ғылымының кандидаты, доцент, медицина факультетінің деканы Абилов Талғар Сатыбайұлы алып, медицина тілін мемлекеттік тілде сөйлетудің ерекшеліктері мен түп тамырын латыннан тартқан саланың сан қырлы терминдері туралы тұ­шымды ойын ортаға салды. Әрі қарай Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, тіл ардагері, дәрігер Рахиев Роман Рахиұлы тіл үйренгісі келген ниетке тегеурін болар тосқауыл жоқтығын айтып, өз ойын жалғастырды.

Дөңгелек үстел барысында тәжірибелі оқытушылар баяндама жасады: Сейпенова Ания Нурмуханбетқызы – мед.ғ.к., доцент, жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі «Коммуникативті біліктілікті дамытудағы медицина қызметкерінің рөлі»; Абдуллина Лида Нурлыбайқызы – тілдер кафедрасының аға оқытушысы, қазақ тілі мен әдебиеті магистрі «Медицина саласында қазақ тіліндегі терминдерді біріздендіру мәселесі»; Егізбаева Ляззат Ержанқызы – аға оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің докторанты «Ағылшын тіліндегі медициналық терминдер мен ұғымдардың қолданылуы»; Сапахова Жания Айтугановна – тілдер кафедрасының оқытушысы, орыс тілі мен әдебиеті магистрі «Русский язык в развитии медицинского профессионализма»; Жубаназарова Каламкас Асылбаевна – тілдер кафедрасының аға оқытушысы «Роль речевой этики русского языка в образовании медицинского работника».

Жұмыс тілі – қазақ және орыс тілдерінде болды. Шара қонақтары – PhD докторы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының меңгерушісі Абдуллина Н.У., Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары Уринбаева Б.Б., Исламгалиева В.И. сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.

Сөз соңында педагогика ғылымының кандидаты, доцент, тілдер кафедрасының меңгерушісі Мустояпова Алтынгүл Сәрсенқызы тіл жанашырлары мен сала мамандарына, тілдің түрлі мəселелері қызықтыратын қауымға алғысын білдіріп, келген қонақтарға сертификаттар табыстады.

 Университетішілік дөңгелек бас ғимараттың мәжілік залында онлайн және оффлайн форматында өтті.