Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ №1 жалпы дәрігерлік практика кафедрасы жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ №1 жалпы дәрігерлік практика кафедрасы жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос лауазымның атауы: Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ №1 жалпы дәрігерлік практика кафедрасының жетекшісі.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

  1. Кафедра жетекшісі лауазымына жоғары кәсіптік білімі бар, PhD ғылыми дәрежесі / академиялық дәрежесі бар, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл, кафедра бейіні бойынша уәкілетті орган ұсынған басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда ғылыми жарияланымдары бар адам тағайындалады. Ағылшын тілін меңгеру сертификатының болғаны жөн.
  2. Клиникалық кафедралар үшін оқытылатын пән бойынша маман / клиникалық қызметке рұқсат сертификаты, оқытылатын пән бейіні бойынша жоғары немесе бірінші дәрігерлік санаттың болуы қажет.
  3. «Дене шынықтыру» кафедрасының жетекшісі үшін ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі жоқ, бірақ Заңда көзделген Қазақстан Республикасының құрметті атағына немесе «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие болған тұлғаларға рұқсат етіледі.

Функционалдық міндеттері:

  1. Кафедрада оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми жұмысты тікелей басқарады, ұйымдастырады және бақылайды (клиникалық кафедралар үшін клиникалық жұмысты да басқарады).
  2. Кафедраның ағымдағы және перспективалық жұмысын Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарттарына, сондай-ақ университеттің бекітілген жоспарларына сәйкес жоспарлайды. Кафедраның оқу, ғылыми және өзге де жұмыс жоспарларының, негізгі индикаторлардың орындалуын қамтамасыз етеді.
  3. Кафедраның дайындық бағыттары мен мамандықтары бойынша Даму стратегиясын әзірлейді.
  4. Мамандарды даярлау сапасының кафедраішілік жүйесін әзірлейді. Жаңадан қабылданған қызметкерлерге тәлімгерлік пен бейімделуді қамтамасыз етеді.
  5. Оқу процесінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдарын айқындайды. Кафедрадағы оқытудың барлық нысандары бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізуді ұйымдастырады.
  6. Оқу-әдістемелік, ғылыми, клиникалық (клиникалық кафедралар үшін) және тәрбие жұмыстарының жоспарланған және ағымдағы мәселелерін талқылау мәселелері бойынша кафедра отырыстарын өткізеді.
  7. Кафедра пәндері бойынша силлабустар мен бақылау-өлшеу материалдарын әзірлеуді қамтамасыз етеді.
  8. Кафедраның жұмыс жоспарларын бекітеді. Кафедра қызметкерлері арасында педагогикалық жүктеме мен функционалдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады және олардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылайды.
  9. Өз өкілеттігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және жағдайлар жасайды. Кафедрада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді.
  10. Кафедраның білім алушылары мен қызметкерлерінің еңбекті қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік техникасы ережелерін орындауын бақылайды.
  11. Кафедра ПОҚ бекітілген оқу сабақтарының кестесінің сақталуын бақылайды. Дәлелсіз себептермен сабақтардың бұзылуына жол бермейді, оқытушы болмаған жағдайда оларды алмастыру немесе сабақтарды ауыстыру (алмастыру) жөнінде қажетті шаралар қабылдайды.
  12. Кафедраның ПОҚ оқу пәндерін оқыту сапасын жүйелі түрде бақылайды. Сабақтарға өзара қатысуды және оқытудың озық әдістемелерімен алмасуды ұйымдастырады.
  13. Сертификаттар бере отырып, кафедраның ПОҚ ағылшын тілін білу деңгейін жыл сайын арттыруды қамтамасыз етеді.
  14. және т.б.…

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

1) кандидаттың мемлекеттік/орыс тіліндегі фотосуреті бар түйіндеме, қажет болған жағдайда ағылшын тілінде;

2) Өмірбаян;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) жоғары білімі, академиялық немесе ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары);

5) қайта даярлау туралы куәліктің көшірмелері және біліктілікті арттыру туралы куәлік болған кезде (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары);

6) маман сертификатының/клиникалық қызметке рұқсаттың көшірмелері (клиникалық кафедралар үшін);

7) болған жағдайда кафедра пәндерінің бойынша дәрігерлік санат сертификатының көшірмелері (клиникалық кафедралар үшін);

8) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (Университет қызметкерлері үшін ғылыми еңбектер тізімін ғылыми хатшы куәландырады);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша Психоневрологиялық ұйымнан құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген анықтама не нотариат куәландырған көшірме;

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша наркологиялық ұйымнан құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген анықтама не нотариат куәландырған көшірме;

11) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

12) конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне, ғылыми жарияланымдар тізіміне, сертификаттарға, дипломдарға және т.б. қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.);

13) университеттің штаттық қызметкерлері үшін құрылымдық бөлімше басшысының мінездемесі;

14) университеттің штаттық қызметкерлері болып табылмайтын кандидаттар үшін соңғы жұмыс орнынан қызметкердің мінездемесі;

15) тығыз файл парақтары бар қалта (20 парақ).

 

Жарияланған күні: 27 қазан 2023 ж.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» КеАҚ. Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі 68. Бас ғимарат, 105-кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25. e-mail: hr@zkmu.kz