Эссе байқауы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ КОМИТЕТІ» PMM тапсырысы бойынша ағымдағы жылдың 30 қазанында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде оқытушы және «Жалпы гигиена» кафедрасының кураторы Венера Ракишева «Менің мамандығым — менің саналы таңдауым» атты студенттік эссе байқауын ұйымдастырды.

Байқау 5-30 қазан аралығында 2 кезеңде өтті. Бірінші кезеңде (онлайн форматта) қатысушылар аталған тақырып бойынша эссе жазды, екінші кезеңде (офлайн форматта) тақырыпты шығармашылықпен дамыту болды.

Екінші кезең қатысушылар өздері туралы әңгімелейтін «Сәлемдесу» сайысынан және «Үй тапсырмасы» сайысынан тұрды, қатысушылар ән, би, бейнеролик, презентация, өлең, пародия форматында сайысқа түсті. Байқауға барлығы 15 студент қатысып, оның 8-і екінші турға өтті. Сегіз қатысушы өзара мықты деген атаққа таласты.

«Сәлемдесу» кезеңінде қатысушылар өздері және қызықты оқиғалары туралы әңгімелесе, екінші турда түрлі форматта мамандықты неліктен таңдағандары туралы әңгімеледі.

Қатысушыларды бағалайтын қазылар алқасы:

Жалпы гигиена кафедрасының жетекшісі Бердешева Г.А.;

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің экология кафедрасының доценті Исенғалиева Г.А.;

Тілдер кафедрасының қазақ тілі пәнінің аға оқытушысы Сабитбекова М.А.;

Ақтөбе қаласының №1 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманжолова А.Н.;

Кураторлар кеңесінің төрағасы Каниева А.Ж.

Қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, ақшалай сыйлықтармен және сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, 1 дәрежелі дипломмен Данияр Насен, ӘМ факультетінің 323 А тобының студенті (15 000 теңге ақшалай сыйлық). ІІ дәрежелі дипломмен Мадина Серікболат, ЖМ факультеті 321А тобының студенті (10 000 теңге ақшалай сыйлық). ІІІ дәрежелі дипломмен Қарақат Бурабаева, ЖМ факультетінің 314 А тобының студенті (5000 теңге ақшалай сыйлық) марапатталды.

Барлық қатысушылар қатысқаны үшін жеке сертификаттармен марапатталды.

Сайыс қызықты әрі көңілді өтті. Шараны ұйымдастыруға атсалысқандардың барлығына, қазылар алқасының мүшелеріне, қатысушыларға және жанкүйерлерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

 Байқау жеңімпаздарын марапаттарымен құттықтаймыз!