Университет бойынша экскурсия

Жылжымалы мобильді кешендерді тапсыру рәсімінен кейін университет ректоры Ә.Қалиев «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Б.Жәмішевті, м. ғ. д., профессор, академик Д.Қайдарованы, «Оптимус Медика» ЖШС басшысы В.Краснопольскийді университеттің бас ғимаратына шақырды. Қонақтар оқу кабинеттерін, коворкинг және тестілеу орталығын көрді.

Университет музейінің меңгерушісі Г.Сейтжанова қонақтарға музейдің құрылу тарихы мен мақсаты туралы айтып берді. Қонақтарды «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ алғашқы және қазіргі басқарма төрағасы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек Ері, университеттің әлемге әйгілі түлегі С.Ақшолақовқа арналған экспозиция қызықтырды.

Сондай-ақ, медициналық білім беру, ғылым және халықтың денсаулығын сақтау саласының дамуына үлес қосқан оқытушылар мен түлектердің есімдері жазылған «Университеттің алтын есімдері» Құрмет кітабымен танысып, игі тілектерін қалдырды.