Жыл қорытындысы: ректордың 2023 жылғы есебі өтті.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті – бұл даңқты тарихтың 66 жылы. Бұл 30 мыңнан астам түлек – еліміздегі үздік дәрігерлер. Қазіргі таңда университетте 8 елден 7200 адам білім алуда. Университететке 4 деканат пен 6 факультет, 47 кафедра, 3 оқу корпусы, 5 жатақхана және 3 университеттік клиника кіреді.

Биылғы оқу жылында университет 2441 жаңа студентті, оның ішінде бакалаврларды, магистрлерді, докторанттарды және резиденттерді қабылдады. 2023-2024 оқу жылына оқуға грантты бакалавриат бойынша 293 студент, 284 резидент, 9 магистрант және 29 докторант алды, бұл да өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық жоғары.

Университет белсенді дамып, жаңа білім беру бағдарламаларын енгізіп, жаңашылдыққа ұмтылуда. Жылдың маңызды оқиғаларының бірі еліміздің барлық медициналық ЖОО-да үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің (ҮИМБ) бағдарламасының енгізілуі болды.

Университет 600 орындық жаңа жатақхана салуға рұқсат алды. Құрылыс жұмыстарының басталуы 2024 жылдың маусым айына жоспарланған. Сондай-ақ биылғы жылы университет Ақтөбе қаласындағы ана мен бала денсаулығын сақтау бойынша балалар симуляциялық орталығын сенімгерлікпен қабылдады, онда барлық факультеттердің студенттері мен резиденттері заманауи тренажерлер мен симуляторларда тәжірибелік дағдыларын дамыта алады. Оқу үдерісін жақсарту операциялық залдардан бейнехабарларды, интерактивті тақталарды, жатақханадағы интернетті және коворкинг орталығын ашуды қамтиды.

Университет қызметкерлеріне арналған ағылшын тілі курстары олардың тілді меңгеру деңгейін арттыруға мүмкіндік берді, бұл 20 қызметкердің докторантураға түсуімен расталды.

Университет іргелі ғылымды белсенді дамытып, халықаралық медициналық қауымдастыққа интеграциялануға ұмтылуда. Соңғы бір жылда Батыс Қазақстан медициналық журналының ағылшын тіліндегі алғашқы саны жарық көрді. Студенттеріміз жыл бойы жақсы нәтиже көрсетіп, түрлі іс-шараларға қатысты. Облыстық, республикалық олимпиадаларға қатысып, шығармашылық жағынан да өздерін көрсетті.

Өткен жылды қорытындылай келе, Университетіміздің клиникалық қызметтегі де жетістіктері жеткілікті. Университеттің басты жетістігі емдеудің жоғары деңгейін растайтын I санатты алып, Ұлттық аккредитациядан өтуі болды. Жаңа емдеу бағдарламалары енгізілді, жақ-бет хирургиясы, нейрохирургия және медициналық оңалту лицензиясына толықтырулар алынды. Онкологиялық оңалту бөлімін ашуға қаржы алынды.

Университет «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек» ұлттық қауымдастығымен ынтымақтасады, бұл отбасылық медицина клиникасын «Үздік тәжірибелер орталығына» айналдыруға әкеледі. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының көмегімен ауыл тұрғындарына диагностикалық қызмет көрсету үшін жылжымалы кешендер алынды.

Университет білім берудің ең жоғары стандарттарына ұмтылуын жалғастырып, өз аймағының ғана емес, бүкіл еліміздің денсаулық сақтау саласының болашағына үлес қосуда.