«Авиценна» командасы жеңіс тұғырынан көрінді

24 желтоқсанда шағын турнир бойынша үш ай бойы жалғасқан «АQTOBE «QҮZMET» облыстық турнирі өз мәресіне жетті.

Турнирге облыстық және аудандық әкімдіктердің, ведомстволық құрылымдар мен ұйымдардан 16 құрама командасы мен «Авиценна» медицина қызметкерлерінің командасы қатысты. Біздің команда құрамында Марат Оспанов атындағы БҚМУ өкілдері және емдеу ұйымдарының медицина қызметкерлері болды.

Үш айға созылған тартысты турнир қорытындысында «Авиценна» командасы жеңіс тұғырынан көрінді.

Жүлделі бірінші орынды иеленген команданы жеңістерімен құттықтаймыз! Біз өз командамызды әркашан мақтан тұтамыз!

Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа кәсіби өрлеу және алдағы спорттық жарыстарда да жетістіктер тілейміз!