Ақтөбе қаласының 155 жылдығына арналды

«Жастар арена» спорт кешені жанындағы шаңғы алаңында Ақтөбе қаласының 155 жылдығына арналған «Сұңқар» спорт клубы және дене тәрбиесі кафедрасының ұйымдастыруымен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері арасында дәстүрлі шаңғы жарысы өтті.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген университет ректоры Әсет Қалиев сүйікті қаламыз Ақтөбенің мерейлі 155 жылдығына арналған және дәстүрлі түрде өтетін жарыстың маңыздылығын және оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпалы зор екенін ерекше атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шаңғы жарысында 24-60 және одан жоғары жастағы ерлер мен әйелдер жас ерекшеліктеріне байланысты 8 топқа бөлініп қатысты.

24-44 жас аралығындағы әйелдерге 1 шақырым, басқа жастағыларға 500 метрды, ал 24-44 жас аралығындағы ерлерге 2 шақырым, басқа жастағыларға 1 шақырымды құрады. Жарысқа бас төреші Е.Дёма бастаған, төрешілер А.Дуанбеков, бас хатшы Р.Канапина төрелік етті.

Жалпы командалық ұпай қорытындысы бойынша 1-орынды стоматология және қоғамдық денсаулық сақтау факультеттерінің кафедралары, 2-орынды жалпы медицина факультетінің кафедралары, 3-орынды университеттің Медицина орталығының қызметкерлері иеленді.

Жарыс соңында университет ректоры Әсет Қалиев жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, Грамоталар, медальдар және ақшалай сертификаттармен марапаттады.