Балалардың арнамалы иммунопрофилактикасы

№1 жалпы дәрігерлік практика кафедрасының жетекшісі Ания Сейпенова және эпидемиология кафедрасының жетекшісі Салтанат Оразаеваның ұйымдастыруымен жалпы медицина мамандығы қазақ бөлімінің 5-курс студенттеріне «Балалардың арнамалы иммунопрофилактикасы» тақырыбында интегрирленген дәрісі өткізілді. Дәріс медицинадағы өзекті мәселеге — жұқпалы аурулардың арнамалы алдын алуына арналды.

Дәрісте Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесі, вакцинациялаудың заңнамалық негіздері мен бұйрықтары, вакцинацияға қарсы көрсетілімдер және вакцинациядан кейінгі учаскеде бақылау мәселелері қарастырылды.

Дәріс барысында егу кабинетінің жұмысы, егу техникасы және ДДҰ қызылшаның алдын алу бағдарламасы туралы қысқаша бейнероликтер пайдаланылды. Дәрістің меңгеру деңгейін анықтау үшін Google Forms арқылы сауалнама жүргізілді.