Ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы

Университетімізде республикалық студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының 1-кезеңі өтті. Байқау нәтижесіне сәйкес, университеттің мәселелік комиссия отырысында байқауға ұсынылған студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағалау парағы негізінде орташа балы есептеліп, жүлделі орындарға ие болған студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары анықталды.

1-орын «ЖОО студенттерінің әл-ауқатын арттырудағы тұлғаның әлеуметтік жауапкершілігінің рөлі» тақырыбында студенттік ғылыми-зерттеу жұмысы. Авторлары: Айша Алитурлиева, Рахимжан Байлауов, Нұрай Оралбекова.

Ғылыми жетекшісі: PhD, доцент Малика Книсарина.

2-орын «Ішек стомалары мен жыланкөздері бар науқастарда жара асқынуының алдын алу» тақырыбында студенттік ғылыми-зерттеу жұмысы. Авторы: Шынғысхан Бекетов.

Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., ассоц. проф., Мұрат Жақанов.

3-орын «Ақтөбе облысының ауылдық жерлеріндегі жасөспірімдердің прессингтің вегатативті жүйеге ықпалы және оның денсаулыққа әсері» тақырыбындағы студенттік ғылыми-зерттеу жұмысы.

Авторлары: Қымбат Иниятова, Ақгүл Жетес, Али Бақытжанов, Ильяс Муллағалиев.

Ғылыми жетекшісі : м.ғ.к. Ажар Жексенова.

Марапатталған студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының 2-кезеңіне өткендігін хабарлаймыз.