Шағын футболдан республикалық турнир

Ақтөбе қаласының спорт аренасы шағын футболдан «QҮZMET CUP» республикалық турнирінің қатысушыларын қонақжайлықпен қабылдайды. Жарысқа әр өңірдегі облыстық жарыстардың жеңімпаздары яғни 16 құрама команда қатысты.

Бұған дейін түрлі құрылымдар мен ведомстволар арасында өткен Ақтөбе облыстық турнирінде Марат Оспанов атындағы БҚМУ қызметкерлері мен облыстың медицина қызметкерлерінен құралған «Авиценна» құрама командасы жеңімпаз атанды.

26 қаңтарда «Әлихан» спорт кешенінде республикалық турнирдің алғашқы ойындары өтіп, онда «Авиценна» командасы Қостанай қаласының жол полициясы құрамасымен кездесті. Ойын 5:0 есебімен аяқталды.

27 қаңтар күні ойын алаңында «Авиценна» құрама командасы мен Ішкі істер министрлігінің құрама командасы кездесіп, есеп 3:2 болды. Сол күні түстен кейін өткен Қызылорда қаласының «Әскер» және «Авиценна» құрама командаларының ойыны 8:2 есебімен аяқталды.

Қорытындысында «Авиценна» құрама командасы 1/4 финалға шықты.

Команда мүшелерін құттықтап, алдағы ойындарына жеңіс тілейміз!